Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающим в аульной (сельской) местности Қолданыста
Басқа 0
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағы, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.