Об организации общественных работ для осужденных Қолданыста
Басқа 0
Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару Кодексінің 30-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008-2009 жылдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Селолық округтер, селолардың және кент әкімдері қолданыстағы заңдарға сәйкес, қоғамдық жұмыстарына қатыстыру үшін сотталғандардың мекен-жайы бойынша объектілер анықталсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 2008-2009 жылдарға арналған сотталғандар үшін қоғамдық
жұмыстардың түрлері
Қарабалық ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 6 наурыздағы
№ 66 қаулысымен
бекітілді
2008-2009 жылдарға арналған сотталғандар үшін қоғамдық
жұмыстардың түрлері
Тармақ 1
1. Тұрмыстық қоқыстарды жинау
Тармақ 2
2. Аймақты мұздан тазарту
Тармақ 3
3. Аймақты қардан тазарту
Тармақ 4
4. Аймақты қоқымнан тазарту
Тармақ 5
5. Аймақты тұрмыстық қоқыстардан тазарту
Тармақ 6
6. Аймақты арамшөптен тазарту
Тармақ 7
7. Қоқымды жинау және шығару
Тармақ 8
8. Өскен шөпті шырпу
Тармақ 9
9. Ағаштарды шырпу
Тармақ 10
10. Ағаштарды ақтау
Тармақ 11
11. Ағаштарды отырғызу
Тармақ 12
12. Қоршауды жөндеу
Тармақ 13
13. Қоршауды бояу
Тармақ 14
14. Ғимараттарды ақтау
Тармақ 15
15. Ғимараттарды бояу
Тармақ 16
16. Гүл алаңын бөлу
Тармақ 17
17. Қолмен гүлзарды қазу
Тармақ 18
18. Шөпті бөктеру
Тармақ 19
19. Қоқымды жинау және жандыру