Об изменениях в административно-территориальном устройстве Иргизского района Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ырғыз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес және Ырғыз ауданы" өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып,облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған сызба-картаға сәйкес Тәуіп ауылдық округі құрамы аумағынан жалпы алаңы 208780 га Жайсаңбай елді мекені мен Қойсан, Исатай, Көксай, Дәрмен, Балтабай, Ешман, Қоренкөл, Күйіккөл, Төртіғұл қоныстары шығарыла отырып өзгертілсін;
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған сызба-картаға сәйкес аумағының жалпы алаңы 1588170 га әкімшілік орталығы Жайсаңбай ауылы болып Жайсаңбай ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылып, оның құрамына аумағының жалпы алаңы 208780 га Тәуіп ауылдық округінің құрамынан шығарылған Жайсаңбай елді мекені және қоныстары және мемлекеттік жер қорынан 1379390 га жер кіргізілсін.
Тармақ 3
3. Ырғыз ауданының әкiмі (Дуанбеков М. Қ.) жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтың бірлікті мемлекеттік басқаруды және қаржыландыруды қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешсін.
Тармақ 4
4. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А. Д. Мұқаев) облыстық әкімшілік-аумақтық бірліктердің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 5
5. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М. Н. Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.