Об организации выплат социальной и единовременной материальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік және біржолғы материалдық көмек төлеуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 53-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында төлеу ұйымдастырылсын:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттілік үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек 340 теңге мөлшерінде.
Әлеуметтік көмек өтініштік үлгі бойынша және өтініш берген мерзіміне тәуелсіз, төлем жыл басынан төленеді. Өтініш берушілер өздері жеке куәлігі, соғысқа қатысқан және мүгедектік куәлігі арқылы өтінішті толтырады.
Тармақ 2
2. Жеке санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) туберкулезбен ауырған адамға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) материалдық қолдауға өте мұқтаждарға 4 мың теңге мөлшерінде;
Тармақша 3
3) жалғызбасты тұратындарға тұрмыстық қажеттілікке 4 мың теңге мөлшерінде;
Тармақша 4
4) тұрмысы төмен азаматтарға картоп салуға тұқым және құстар сатып алу бойынша шыққан шығынды өтеуге байланысты 2 мың теңге мөлшерінде;
Тармақша 5
5) республикалық, облыстық дережедегі дербес зейнеткерлерге, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкер атағына ие болған зейнеткерлерге 30 мың теңге мөлшерінде;
Тармақша 6
6) қайтыс болған жалғызбасты жұмыссыз азаматтарды жерлеуге, кәмелетке толмай қайтыс болған балаларға (ата-аналары жұмыс істемейтіндер үшін), жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендерге он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 7
7) табысы төмен азаматтар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ай сайын бір адамға ай сайынғы әлеуметтік көмек 0,5 есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 8
8) Қостанай облысының жоғарғы оқу орындарында оқитын мүгедек студенттер және түл жетім студенттерге оқу орындарына оқудың жылдық мөлшерінде ақы төлемі әлеуметтік көмек.
Тармақ 3
3. Жеке санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек мынадай құжаттар ұсынылса төленеді:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) жеке куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) медициналық мекемеден анықтама (туберкулезбен ауырған тұлғалар үшін);
Тармақша 4
4) участкелік комиссияның тұрмысы төмен азаматтардың материалдық жағдайын тексеру актісі (картоп егу үшін, кұстар сатып алу мен тұрмыстық қажетке);
Тармақша 5
5) зейнеткерлік куәліктің көшірмесі (республикалық, облыстық дәрежедегі зейнеткерлер үшін);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкері атағына ие болғанын растайтын құжат;
Тармақша 7
7) өлім туралы куәлігінің көшірмесі, жерлеуді кім өткізгенінің анықтамасы, тууы туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге); учаскелік комиссияның кайтыс болғанның тұрмысы туралы материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру қорытындысы (жалғыз басты жұмыссыз азаматтар үшін);
Тармақша 8
8) азаматтарды тіркеу қітабы, білім туралы құжат, мүгедектер мәртебесін растайтын құжат (мүгедек студент үшін), ата-анасының өлімі туралы куәлік (жетім студент үшін).
Тармақ 4
4. Біржолғы әлеуметтік көмек төленсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күнін тойлау қарсаңында, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне он бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспау керек;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге, жалдамалы еңбек құрамының тұлғасына, еңбек тылында, 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында ерлік жұмыстары үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңген жеңіс үшін» медалімен марапатталғандарға, концлагерде болған кәмелетке толмаған тұтқындарға 1000 теңге мөлшерінде;
Тармақша 3
3) зейнеткерлерге, Халықаралық қарт адамдар күніне бюджеттік ұйымдардан зейнетке шыққандарға, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Қазақстан Республикасындағы мүгедектер күніне 1000 теңге мөлшерінде.
Әлеуметтік көмектің барлық түрлері үшін «Қазақстан Халық банкі» Акционерлік Қоғамдық Қостанай облыстық филиалы Әулиекөл басқармасы және «Қазпочта» Акционерлік Қоғамдық Қостанай облыстық филиалы Әулиекөл аудандық почта байланысы торабына нөмір шоттарын беру.
Тармақ 5
5. «Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік және біржолғы матералдық көмекті уақытылы тағайындау және төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 188 «Жеке санаттағы азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-7-7 («Әулиекөл» аудандық газетінің 2005 жылғы 17 маусымдағы жарияланған), Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 189 «Жеке санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеуді ұйымдастыру туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-7-12 («Әулиекөл» аудандық газетінің 2005 жылғы 24 маусымдағы жарияланған), Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2006 жылғы 27 қаңтардағы № 50 «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік және біржолғы материалдық көмек төлеуді ұйымдастыру туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-7-29 («Әулиекөл» аудандык газетінің 2006 жылғы 10 наурыздағы жарияланған), Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 53 «2006 жылғы 27 қаңтардағы Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек төлеуді ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-7-54 («Әулиекөл» аудандық газетінің 2007 жылғы 26 сәуірдегі жарияланған), Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 28 қазандағы № 206 «Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 189 «Жеке санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеуді ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-7-60 («Әулиекөл» аудандық газетінің 2007 жылғы 8 қарашадағы жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.