"Об утверждении размеров социальных выплат отдельным категориям граждан" Қолданыста
Басқа 0
"Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемендерінің мөлшершелін бекіту туралы"
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-ші бабы, 1 тармағы 1)-ші тармақшасына, Железин аудан әкімдігінің 2008 жылдың 19 ақпандағы № 59/2 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік тегемдерді тағайындау Нұсқауды туралы» қаулысына, аудан Мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 26-4/3 шешіміне 4-шақырылымның, кезекті 3-сессиясы «2008 жылғы ауданның бюджеті туралы» (нормативтік құқытық акт 2007 жылғы 25 желтоқсан № 12-6-46) аудан Мәслихатының сессиясы ШЕШІМ етеді.
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерінің мөлшерлері бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуы аудан Мәслихатының әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми басылымға шыққаннан кейін, 10 күн өткеннен соң күшіне енеді.
Басқа 4. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері
Железин аудандық Мәслихатының
4-шақырылымның кезекті
4-сессиясының
2008 жылдың 26 наурыздағы «Жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын жеке
санаттағы азаматтарға әлеуметтік
төлемдерінің мөлшерлерінің бекіту
туралы» № 45-4/4
шешіміне қосымша
Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері
Тармақша 1
1) 9-ші мамыр Жеңіс Күніне орай 10000 теңге мөлшерінде бір жылғы қаржылай көмек, 1 АЕК (айлық есеп көрсеткіші) мөлшерінде ай сайын дәрі алуға өтемақы, тоқсанда бір рет облыс орталығына жол сапарының нақты бағасымен кұның толтыру;
мерзімділік екі басылымдарға жазылуға;
ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің төлемдеріне; кұны 1500 тенгеден асатын препараттардың орнын толтыру;
Ұлы Отан соғысыны қатысушылар, мүгедектер;
Тармақша 2
2) 9-ші мамыр Жеңіс Күніне орай 2000 теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілетін азаматтар (Германиядағы жеңіс үшін, «Жапониядағы жеңісі үшін медальдарымен марапататлғандар»);
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және жалпы аурудың нәтижесінде мүгедек болып танылған қатысушылардың жұбайлары, қайта некеге тұрмаған жесірлері;
«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ерен еңбегі үшін медальмен марапатталған тыл еңбеккерлері;
әскери қызмет міндеттерің орындау кезінде мүгедек болған әскери қызметтегілер, бейбіт уақытта әскери қызметтегілер, бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу көзінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары;
Тармақша 3
3) 9-ші мамыр Жеңіс күніне орай 2000 теңге мөлшерінде; ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің төлемдерін өтеуге;
оқшаулаған Ленинград тұрғындары, «Ленинградты қорғағаны үшін медальдарымен марапатталғандар;
1941 – 1945 жылдары қаза тапқандардың қайта некеге тұрмаған жесірлері;
концлагерьдің, гетто және басқа да мәжбүр ету маңызындағы жерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары;
еркін жалдаған құрмадағы Кеңес Әскерінің азаматтары;
Тармақша 4
4) Көрсетілген санаттағыларға коммуналдық қызметтерге 23000 теңге бір жолғы жәрдем ақы;
«Железин ауданының Құрметті азаматы атағы бар азаматтар»;
Тармақша 5
5) көрсетілген санаттағыларға мүгедектер күніне орай 5000 теңге мөлшерінде қаржылай көмек;
үйде қызмет көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар;
Тармақша 6
6) көрсетілген санаттағыларға облыстың ЖОО оқуы үшін нақты бағасы бойынша, тұруы, тамақтануы және тұрақты орнына жету үшін ай сайын 5000 теңге;
облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарында жүрген аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы беретін мектеп түлектері;
Тармақша 7
7) көрсетілген санаттағы ата-аналарының қамқорсыз қалған балаларды тамақтадыруға жыл бойы күніне 100 теңге;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;
Тармақша 8
8) көрсетілген санаттағыларға 5 АЕК мөлшерінде бір жолғы қаржылай көмек;
2008 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жайластыру үшін;
Тармақша 9
9) көрсетілген санаттағы туберкулезге шалдыққандарға тамақтануға, жолсапарына, тұрғын үйін жөндеуге ай сайын 5 АЕК мөлшерінде қаржылай жәрдем ақы;
амбулаториялық емдеумен қолдау кезеңінде жүрген туберкулезбен ауыратындырға жүріп-тұруы және тамақтануы үшін;
Тармақша 10
10) көрсетілген санаттағыларға облыс орталығындағы онкологиялық диспансерге баруға жол ақысының нақты бағасы бойынша орынын толтыруға, қауырттық емделуіне 10 АЕК мөлшерінде қаржылай жәрдем ақы;
облыстық онкологиялық диспансерге тексерілуге және жедел емдеуге жіберілген аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және табысы кедейлік шегіген аспайтын онкологиялық аурулар;
Тармақша 11
11) көрсетілген санаттағы мүгедектер күніне орай облыстың ЖОО және ООО оқитын мүгедек студенттерге бір жолғы 10 АЕК мөлшерінде қаржылай жәрдем ақы; мүгедек-студенттер, жұмыс істейтін мылқау мүгедектер;
Тармақша 12
12) көрсетілген санаттағы 1-ші, 2-ші топтағы көз мүгедектерін санаториялық-курортық емделуіне алып жүретін адамға нақты шығыны бойынша (жол шығыны, тамақтану, тұруы) куәландіру құжаттарының негізінде өтем ақы;
көру бойынша 1, 2 топ мүгедегін санаториялық-курортық емделуге шығарып салушы азаматтар;
Тармақша 13
13) көрсетілген санаттағы 1-ші, 2-ші топтағы жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі мүгедектерді дәрігерлік зерттеуге, санаториялық-курортық емделуіне алып журетін адамға нақты шығыны бойынша куәландіру құжаттырының негізінде ақы;
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 1, 2 топ мүгедектерін санаторлық-курортық емделуге және медициналық тексерілуге шығарып салушы азаматтар;
Тармақша 14
14) көрсетілген санаттағыларға оқу мерзіміне ай сайын 3000 тенге мөлшерінде стипендии; жұмыспен қамту бөлімімен кәсіптік даярлық және қайта даярлаудан өтуге жіберілген жұмыссыз азаматтар;
Тармақша 15
15) көрсетілген санаттағыларға нақты шығыны бойынша куәндіру құжаттарының негізінде өтем ақы;
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды Қазақстан Республикасы шегінде тексерілуге және емделуге шығарып салушы азаматтар;
Тармақша 16
16) көрсетілген санаттағыларға Ауғаныстаннан әскерді шығару күніне орай 5 АЕК мөлшерінде бір жолғы қаржылай көмек, денін сауықтыруға 2 АЕК мөлшерінде бір жолғы қаржылай көмек, денін сауықтыруға 2 АЕК мөлшерінде тоқсанда бір рет;
ай сайын тұрғын үй коммуналдық қызметтерге 1,25 АЕК төлемі;
Ауғаныстандағы әскери әрекеттер жүргізу кезеңіне қатысқан әскери қызметтегілер;
Тармақша 17
17) көрсетілген санаттағыларға денін сауықтыруға 2 АЕК мөлшерінде тоқсанда бір рет;
ай сайын тұрғын үй коммуналдық қызметтерге 1,25 АЕК төлемі;
Чернобыль АЭК-дағы апат салдарын жоюға қатысқан азаматтар;
Тармақша 18
18) көрсетілген санаттағыларға тұрғын үй коммуналдық қызметтерге 2 АЕК мөлшерінде тоқсанда бір реткі төлемі ақы;
жалғызбасты, жалғыз тұратын еңбекке жарамсыз қарт адамдар;
Тармақша 19
19) көрсетілген санаттағыларға тұрғын үй коммуналдық қызметтерге 2 АЕК мөлшерінде тоқсанда бір реткі төлемі ақы;
зейнетақының ең аз мөлшерін алатын және еңбек өтілі толық емес зейнеткерлер;
Тармақша 20
20) көрсетілген санаттағыларға тұрғын үй коммуналдық қызметтерге 2 АЕК мөлшерінде тоқсанда бір реткі төлемі ақы;
жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
Тармақша 21
21) көрсетілген санаттағы бір маманы 50,0 теңге бір жолғы әлеуметтік көмек; жоғары және орта оқу орындарынан ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілген білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жас мамандар;
Тармақша 22
22) көрсетілген санаттағыларға тоқсанда бір рет 3 АЕК мөлшерінде қаржылай көмек;
БЦП диагнозымен ауыратын балалары бар жалғыз басты аналар.