О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "Об особенностях приватизации имущества государственных сельскохозяйственных предприятий" Қолданыста
Басқа 0
"Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру ерекшелiктерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру ерекшелiктерi туралы" 1992 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 80-бап; N 13-14, 309-бап; 1993 ж., N 18, 441-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
2-баптағы тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
16-бап алынып тасталсын;
17, 18-баптар тиiсiнше 16, 17-баптар болып саналсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.