Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздардың қосымшаға сәйкес тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі есепте тұрған жұмыссыз, халықтың нысаналы топтарын бірінші кезекте бос жұмыс орындарына жұмысқа тұруға, кәсіптік дайындықтан өтуге, біліктілігін арттыруға, ақылы қоғамдық жұмысқа қатысуға және басқада әлеуметтік қорғау шараларын көрсетуді қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
Басқа 5
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Аманкелді ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 20 наурыздағы
№ 80 қаулысына қосымша
Халықтың нысаналы топтарына кіретін
жұмыссыздардың тізбесі
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар (кедейшілік негізіне дейінгі кірісімен);
Тармақ 2
2. 21 жасқа дейінгі жастар;
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
Тармақ 4
4. Кәмлетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Заңдарына белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақ 7
7. Мүгедектер;
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақ 10
10. Оралмандар;
Тармақ 11
11. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген азаматтар;
Тармақ 12
12. Елу жастан асқан адамдар жатады.