Қолданыстағы ред. 14.03.2008

Май аудының «Кұрметті азаматы» Қағидасы мен комиссия құрамы туралы от 14.03.2008 г. № 10/5 (Май аудының «Кұрметті азаматы» Қағидасы мен комиссия құрамы туралы)

0

Май аудының «Кұрметті азаматы» Қағидасы мен комиссия құрамы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес қарап және талқылап аудандық ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Май ауданының «Құрметті азаматы» атаған беру Қағидасы мен аудандық комиссияның құрамы № 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін

2

2. Май аудандық мәслихаттың /III сайланған X сессия/ 31 тамыз 2004 жылғы «Май ауданының «Құрметті азаматы » атағын беру және аудынның «Құрмет кітабына» енгізу жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» № 10/10 шешімінің күші деп танылсын.

3

3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін заң күшіне енеді.

4. «Май ауданының құрметті азаматы» атағын беру ҚАҒИДАСЫ

Май аудандық мәслихатының
2008 жылғы 14 наурыздағы
«Май ауданының «Құрметті азаматы»
Қағидасы мен комиссия құрамы
туралы» № 10/5 шешіміне
№ 1 қосымша
«Май ауданының құрметті азаматы» атағын беру ҚАҒИДАСЫ

1. 1. Жалпы қағида

1. Жалпы қағида
1.1 Май ауданның өркеуіне, айрықша үлес қосқан азаматтарға «Май ауданының құрметті азаматы » атағы беріледі.
1.2 «Май ауданының құрметті азаматы» атағы Май ауданының әкімінің ұсынысымен МАй аудандық мәслихаттың шешімімен, дербес тұлғаға өмір бойыға беріледі және Май ауданының ең жоғары құрметті атағы болып табылады.
1.3 «Май ауданының құрметті азаматы» ұсынылған тұлғаның көзі тірі кезінде беріледі.
1.4 «Май ауданының құрметті азаматы» атағын беру Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың еңбектерін жоғары бағалағандық болып табылады.
1.5 «Май ауданының құрметті азаматы» атағын беру барысы, жыл соңында, ауданның мерейтой қарсанында, ерекше аталатын күндері және ұжымдық ұсыныс бойынша беріледі.
1.6 «Май ауданының құрметті азаматы» атағы бас бостандығын айқындайтын мерзімнің өтелмеген және тергеуде жүрген азаматтарға берілмейды.

2. 2. «Май ауданының құрметті азаматы» атағын беру талаптары

2. «Май ауданының құрметті азаматы» атағын беру талаптары
2.1 Бейбіт кезенде кәсіби міндеттілігі немесе азаматтық борышын өтеу кезінде ерлік жасағаны үшін.
2.2 Ауданының дамуына ерекше үлес қосып, еңбегі сіңген жергілікті мемлекеттік басқару қызметінде сондай-ақ ауылшаруашылығы, білім, денсаулық, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері ішінен шыққандар.
2.3 Май ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене араласып, халық шаруашылығына тың технология енгізіп жоғары көрсеткіштерге жеткізгені үшін.
2.4 Әлем, республика (ерекше жағдайда) спорттық жарыстардың женімпаздары.

3. 3. «Май ауданының құрметті азаматы» атағын беру тәртібі

3. «Май ауданының құрметті азаматы» атағын беру тәртібі
3.1 «Май ауданының құрметті азаматы» атағына ұсыныс Май ауданы әкімі жанындағы «Май ауданының құрметті азаматы» атаған беру комиссиясына жергілікті атқарушы және билік өкілеттігі, жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттігі мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық құрылымдар ұсынысы бойынша қаралады.
3.2 Аудандық мәслихаттың сессиясына қаралап, бекіту үшін, комиссияның қаралымынан кейін, Май ауданының әкімінің қарарымен ішкі саясат бөліміне аудан әкімінің ұсынысын дайындау тапсырылады.
3.3 «Май ауданының құрметті азаматы» атағы Май аудандық мәслихат депутаттары құрамын басым көпшілігінің қолдауына ие болғанда беріледі.
3.4 «Май ауданының құрметті азаматы» атағына ұсынған бір тұлғаның өтінімі өкілеттік органның шығарылымына бір реттен артық болмауы керек.

4. 4. «Май ауданының құрметті азаматы» атағының атрибуттары

4. «Май ауданының құрметті азаматы» атағының атрибуттары
4.1 «Май ауданының құрметті азаматы» атағына ие болған тұлғаға «Май ауданының құрметті азаматы» куәлігі, «Май ауданының құрметті азаматы» дипломы, «Май ауданының құрметті азаматы» лентасы салтанатты түрде табыстылады.
4.2 Куәлік Қазақстан республикасының стандарттарына сай болуы кекрек.
4.3 «Май ауданының құрметті азаматы» атағының дипломы ҚР Стандартарына сай болуы керек, сыртқыбетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Май ауданының құрметті азаматы жазылады» жазылады, ал Дипломның ішкі бетінде түрлі-түсті бейленген ҚР Елтаңбасы және аудандық мәслихаттың «Май ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімі орналасады.
4.4 «Май ауданының құрметті азаматы» кітабына ие болған азаматтардың есімі «Май ауданының құрметті азаматы» кітабына енгізіледі.

5. 5. «Май ауданының құрметтіазаматы» атағына ие азаматтардың құқығы мен әлеуметтік кепілдігі

5. «Май ауданының құрметтіазаматы» атағына ие азаматтардың құқығы мен әлеуметтік кепілдігі
5.1 атағына ие азаматтар құқылы:
- Көпщілік алдында өз атағын жария етуге;
- аудан әкімдігі мен мәслихаттың мәжілістеріндегі ақылдасу барысында көкейтесті мәселелер бойынша өз көзқарасына білдіру;
- атқарушы мен өкілетті орган басшыларының қабылдауына еркін қатынау;
5.2 «Май ауданының құрметті азаматы» атағына ие азаматтарға жергілікті бюджеттен көрсетілетін ерекшеліктер:
- Жылына бір рет Павлодар облысы бойынша тегін сауықтыру-курортына жолдамамен қамтамасыз ету, бармаған жағдайда 15 АЕК (айлықесептік көрсеткіш) мөлшерінде қаржылай төлем жасау;
- атаққа ие болған күннен бастап аудындық «Шамшырақ» газетіне тегін жазылу;

6. 6. Материал мен құжаттарды сақтау

6. Материал мен құжаттарды сақтау
«Май ауданының құрметті азаматы» атағына ие барлық тұлғаның фотосуреттері, осы атаққа себепкер болған жетістіктерін айғақтайтын мәліметтері аудандық «Май ауданының құрметті азаматы» кітабына енгізіледі.

7. 7. Қорытынды қағида

7. Қорытынды қағида
«Май ауданының құрметті азаматы» қоғамға жат өзінің өрескел қылықтарымен көпшілік толқуын тудырсы, оған байланысты сот үкімімен, заң күшіне енген жағдайда тек қана Май аудандық мәслихаттың шешімімен «Май ауданының құрметті азаматы» атағы алынып тасталады.
Ауданның барлық Құрметті азаматтарына олардың атақ берілген уақыты мен тұрғылықты мекеніне қарамастан осы Қағиданың әрекеті жарияланады.

12. «Май ауданының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі аудандық комиссия құрамы

Май аудандық мәслихатының
2008 жылғы 14 наурыздағы
«Май ауданының «Құрметті
азаматы» Қағидасы мен комиссия
құрамы туралы» № 10/5 шешіміне
№ 2 қосымша
«Май ауданының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Рақымжанов Ержан Мэлсұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Абылқасов Алтынбек Бектұрұлы – аудандық мәдениет бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Арғынтаев Ерболат – аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Құрмашев Қалкен Данилұлы – аудандық мәслихатының бас маманы (келісім бойынша)
Ахметжанов Мұрат Мұсаұлы – аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы
Мұқтаров Серік Бимырзаұлы – аудандық «Шамшырақ» газетінің редакторы
Андасов Төлеухан Дүйсенбайұлы – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің менгерушісі
Мұнсызова Бақытгүл Қайроллақызы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы
Шақарғали Болат Шөкенұлы – аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы
Тулев Шайғали Мәженұлы – аудан әкімінің кенесшісі, зейнеткер
Әйтенова Айман Әлібайқызы - зейнеткер