Истай ауданы Денсаулық сақтау мекемелері мен кәсіпорындарын донорлық қанмен қамтамасыз ету туралы Қолданыста
Басқа 0
Истай ауданы Денсаулық сақтау мекемелері мен кәсіпорындарын донорлық қанмен қамтамасыз ету туралы
Ауданды өтеусіз донорлық дамыту, денсаулық сақтау мекемелерін донорлық қанмен, оның компоненттері және препараттарымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 64 «Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып және Атырау облыстық әкімиятының 2006 жылғы 2 қарашадағы № 266 «Атырау облысы денсаулық сақтау мекемелері мен кәсіпорындарын донорлық қанмен қамтамасыз ету туралы»қаулысын орындау мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданда 2008 жылдың мамыр айында Донор күні өткізілсін.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдері, денсаулық сақтау мекемелеріне азаматтарды донорлар қатарына тартуда жан-жақты көмек көрсетсін.
Тармақ 3
3. Барлық меншік түріндагі кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау мекемелеріне азаматтарды донорлар қатарына тартуда жәрдем көрсету;
Тармақша 2
2) қан мен оның компоненттерін алу үшін қажетті орын-жайлар беру жағдай жасау;
Тармақша 3
3) тексеру және қан мен оның компоненттерін тапсыратын күні донор болып табылатын қызметкерді жұмыстан кедергісіз босату ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Ауданның денсаулық сақтау мекемелеріне (келісім бойынша) аудандық «Нарын таңы» газетінде донорлықты кең түрде насихаттауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық емхана бас дәрігері:
М. Жамалова
Аудандық орталық ауруханасының
бас дәрігері С.М. Қайрденова