О переименовании отдельных административно-территориальных единиц Южно-Казахстанской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Мақтарал, Сарыағаш аудандары мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1. Мақтарал ауданы бойынша
1. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері: Мақтарал ауданы бойынша Абай ауылдық округінің Плодовиноградное ауылы - Жүзімдік ауылы болып; Абай ауылдық округінің Прибрежное ауылы - Алтын кемер ауылы болып; Абай ауылдық округінің Интернациональное ауылы - Жолбарыс Қалшораев ауылы болып; Қызылқұм ауылдық округінің Қазақстанның 60 жылдығы ауылы - Қостақыр ауылы болып; Қызылқұм ауылдық округінің Комсомол ауылы - Жалпаққұм ауылы болып; Мақталы ауылдық округінің Железнодорожное ауылы - Теміржол ауылы болып; Жамбыл ауылдық округінің Прогресс ауылы - Көкпарсай ауылы болып; Жылысу ауылдық округінің Минеральные воды ауылы - Жылы су ауылы болып; Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Большевик ауылы - Зерделі ауылы болып; Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Кирпичное ауылы - Кемер ауылы болып; Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Ленинабад ауылы - Сырабат ауылы болып; Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Кәріс ауылы - Күрішті ауылы болып; Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Жданов ауылы - Байдала ауылы болып; Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Чкалов ауылы - Сұлубұлақ ауылы болып; Сарыағаш ауданы бойынша Бірлесу ауылдық округінің Целинное ауылы - Берекелі ауылы болып; Бірлесу ауылдық округінің Октябрьдің 60 жылдығы ауылы - Қазақстан ауылы болып; Біртілек ауылдық округінің Қазақ ССР-інің 15 жылдығы ауылы - Шырылдақ ауылы болып; Біртілек ауылдық округінің Энгельс ауылы - Еңбекші ауылы болып; Біртілек ауылдық округінің Чапаев ауылы - Біртілек ауылы болып; Жартытөбе ауылдық округінің Стаханов ауылы - Достық ауылы болып; Дарбаза ауылдық округінің N 52 разъезд ауылы - Ердәуіт ауылы болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.