Об организации и проведении в области аукционов по продаже земельных участков и права постоянного землепользования Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста жер учаскелерін және тұрақты жер пайдалану құқығын сату жөнінде аукцион ұйымдастыру және өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» Заң күші бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, жерді ұтымды және тиімді пайдалану, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, бюджетке қосымша қаржы түсуді ынталандыру, жер учаскелерін беру кезінде жариялылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жерге инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі нақты кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс, қала, аудан, поселке әкімдерінің мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сату жөніндегі өкілдік міндеттері /мүддесін ұсынуға құқық беру/ облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетіне және оның жергілікті аумақтық органдарына жүктелсін.
Тармақ 2
2. Облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жәніндегі комитетке:
Тармақ 2.1
2.1. Сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық комитетпен бірлесе отырып аукциондық саудада сату үшін коммерциялық мәні бар жер учаскелерінің және тұрақты жер пайдалану құқығының тізімін дайындау және оны облыс, қала, аудан, поселке әкімдеріне бекітуге үсыну;
Тармақ 2.2
2.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртібімен қатаң сәйкестендіріп сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақ 2.3
2.3. Өкімдік және нормативтік-құқықтық құжаттарды облыс, қала, аудан комитеттер мен бөлімдерінде бірінші кезекте келісуді және рәсімдеуді, олардың бір-біріне бағынысты мекемелер жүйесінің сатыларынан өту мерзіміне бақылау қою;
Тармақ 2.4
2.4. Келісім сауда-саттыққа жол бермеу және бәсекелестік дамыту мақсатында жер учаскелерімен тұрақты жер пайдалану құқықтарына балама жарнама кампанияларын жүргізу құқығы берілсін.
Тармақ 3
3. Аудан, қала әкімдері облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетіне, оның жергілікті жерлердегі аумақтық органдарына жер сауда-саттық аукциондарын өткізуге көмек көрсетсін.