О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан и Указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу Закона, по таможенным вопросам Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кеден мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы "Қазақстан Республикасының Президентi мен Жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығының шығуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ i
I. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. "Қазақ КСР-i мен Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 сәуiрдегi № 2229 Заң күшi бар Жарлығымен енгiзiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен "Валюталық реттеу туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 10, 240-құжат): 4-баптың, 1-тармағы "операцияларда" сөзiнен кейiн "және Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен" сөздерiмен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заң күшi бар Жарлығына: 39-бап "төлем құралы" сөздерiнен кейiн "заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда" сөздерiмен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi № 2200 Заң күшi бар Жарлығына: 9-баптың 37-тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:
Тармақша 37
"37) жекелеген кеден режимдерi шеңберiнде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ кеден қызметтерiн көрсету".
Тармақ 4
4. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi № 2235 Заң күшi бар Жарлығына: 2-баптың 2-тармағы "төлемнiң заттай түрi көзделген жағдайлардан басқа кезде" сөздерiнен кейiн "сондай-ақ салық төлеу Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес шетел валютасында жүзеге асырылған жағдайда" сөздерiмен толықтырылсын.
Тармақ ii
II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.