Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи, безработным направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку Қолданыста
Басқа 0
Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53-бабының негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 14-бабы 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» (Г.Д. Тасқымбаева) және «Науырзым ауданының қаржы бөлімі» (Р.Т. Бөдекенова) мемлекеттік мекемелері «Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау» 451002101 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің «Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілғен жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 4 тамыздағы № 201 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-42, № 20 аудандык «Науырзым» газетінде 2006 жылғы 10 қарашадағы жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
Басқа 6. Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Науырзым ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 25 наурыздағы
№ 67 қаулысымен бекітілген
Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Осы Нұсқаулық кәсіби даярлауга, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оку орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Уәкілетті орган - «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) өтініш беруші - әлеуметтік көмек алудан үміткер адам.
Тармақ 2
2. Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және кайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аумақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) Уәкілетті орган көрсетеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек, егер жұмыссыз оқу бітірген күннен бір ай мерзімнен кешікпей өтініш жасаса, төленеді .
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздардың, басым тәртіп бойынша кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және кайта даярлауды өтуге құқығы бар.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
Тармақ 6
6. Өтініш беруші Уәкілетті органға жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарын тапсырады.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізбесі
3. Қажетті құжаттардың тізбесі
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегі банкідегі жеке шоттың нөмірі көрсетілген жазбаша арыз;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) Уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) Уәкілетті органның кәсіби оқуға берген жолдамасының кешірмесі;
Тармақша 5
5) Уәкілетті органның кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберген жұмыссызбен жасасқан шартының көшірмесі;
Тармақша 6
6) алған мамандынығының куәлігі;
Тармақша 7
7) емдеу мекемесі берген медициналык куәландырудан өткені туралы санитарлық анықтама көшірмесі және оны өту үшін төлеген ақы жөніндегі төлем құжаты;
Тармақша 8
8) жол жүру билеттері.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары Уәкілетті органға тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіғе қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде қабылдайды. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге, бас тартудың себептері көрсетіліп жазбаша хабарланады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге Уәкілетті органның басшысы қол қояды.
Тармақ 12
12. Қажетті құжаттардың біреуінің болмауы әлеуметтік көмек корсетуден бас тартуға әкеліп соғады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 13
13. Шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) тұруға - айлық есептік көрсеткіштің үш есе мөлшерінде;
Тармақша 2
2) тамақтануға - айлық есептік көрсеткіштің төрт есе мөлшерінде;
Тармақша 3
3) жол жүру - айлық есептік корсеткіштің екі есе мөлшерінде;
Тармақша 4
4) медициналық куәландыруға - тексеру құнының 100 пайыз көлемінде.
Тармақ 14
14. Тұруға, тамақтануға және оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек Қостанай облысы бойынша Науырзым ауданынан тыс жерлерге кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыздарға көрсетіледі.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік кемекті төлеу
6. Әлеуметтік кемекті төлеу
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Тұруға, тамақтануға арналған шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмекті төлеу оқу орыны ұсынған сабаққа қатысу табелі негізінде ай-сайын барлық оқу мерзіміне төленеді.
Тармақ 17
17. Осы Нүсқаулықтың 3-тармағы 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілгендей медициналық куәландыру мен жол ақысы шығынын өтеу бойынша әлеуметтік көмек құжаттар ұсынылғаннан бастап бір ай ішінде төленеді.
Тармақ 18
18. Жергілікті өкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырып, есептеу жүргізеді және жергілікті қаржылық органға қаржыландыруға жинақтық тапсырыс ұсынады.
Әлеуметтік көмекті төлеу заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған, тиісті банктік опрециялар түріне Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің лецензиясы бар екінші деңгейдегі банктер арқылы, уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына ақша түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады.