Об утверждении Инструкции по присвоению звания «Почетный гражданин Актогайского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы » атағын беру жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы Қазақстан Ремпубликасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, Аудандық Мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі Нұсқау» (әрі қарай - Нұсқау) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық Мәслихаттың (3 шақырылым, 5 сессия) 2004 жылғы 20 мамырдағы «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі Қағида туралы» № 6/5 шешімінің күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 10 күн өткеннен соң және газетте жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы атағын беру жөніндегі НҰСҚАУ
Аудандық мәслихаттың (IV сайланған, IV сессия) 2008 жылғы 4 наурыздағы «Ақтоғай аудынының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы» № 31/4 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы атағын беру жөніндегі НҰСҚАУ
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағы аудандық Мәслихаттың шешімімен беріледі. «Ақтоғай аудынының Құрметті азаматы» атағын беруде аса маңызды моральдық ынталандыру, Қазақстан Республикасы, облыс және аудан алдындағы айрықша еңбегін жұртшылықтың бағалау, патриоттық тәрбиелік қызмет атқару және де Ақтоғай ауданының тарихында аттарын қалдыру мақсаты көзделген.
Тарау 2. 2. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жөнінде қойылатын талаптар
2. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жөнінде қойылатын талаптар
Тармақ 2
2. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Ақтоғай ауданының тұрғындары мен тумаларына:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан және жергілікті соғыстарда батырлық жасап ерлік көрсеткен, жоғары мемлекеттік сыйлықтары бар, және де бейбітшілік уақытта азаматтық борышы немесе кәсіби міндетін атқарған кезде көрсеткен жеке ерлігіне;
Тармақша 2
2) мәдениет, әдебиетті, өнерді, білімді, денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысқан; 3 ) ауданның көркейіп, жақсаруына қомақты үлес қосқан, ауданның экономикалық, әлеуметтік дамуына ат салысқан; Қоғамда бейбітшілік пен келісімшілікті сақтауда жемісті еңбегі үшін;
Тармақ 3
3. Атақ берілетін талапкерлер Қазақстан Республикасының басқа қалалары мен елді мекендерінің құрметті азаматтары болмауы тиіс.
Тарау 3. 3. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру тәртібі
3. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру тәртібі
Тармақ 4
4. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағына үміткерлерді Ақтоғай ауданының әкімі ұсынады.
Тармақ 5
5. Ұсынылған кандидатураларға: аса маңызды сіңірген еңбегі мен сыйлықтары көрсетілген қолдаухат, мінездеме, қызмет тізімі, жариялымдары ұсынылады.
Тармақ 6
6. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы өзін өзі ұсынған кандидатуралардың қолдаухаттары қаралмайды.
Тармақ 7
7. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы бір кандидатураға берілген қолдаухат, өкілетті органның бір шақырылымы кезінде, екі реттен артық ұсынылмайды.
Тарау 4. 4. Қорытынды қағидалар
4. Қорытынды қағидалар
Тармақ 8
8. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болған адамдар, «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» деген айрықша белгімен марапатталады.
Тармақ 9
9. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағы куәлікпен дәлелденеді. Ауданның құрметті азаматына куәлік пен кеудеге тағатын белгіні Мәслихат хатшысы мен аудан әкімі салтанатты түрде, кең жариялылықпен табыс етеді. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» деген белгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының түсіне келтіріп боялған, «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» деген мемлекеттік тілде жазылған жазуы бар, металлдан дайындалады.
Тармақ 10
10. Ақтоғай ауданының құрметті азаматына аудандық бюджетте қарастырылған жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек (007) бағдарламасы бойынша жылына бір рет 10,0 (он) мың теңге көлемінде әлеуметтік жәрдем көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Ақтоғай ауданының құрметті азаматтарын тіркеу «Құметті кітабына» жазылып, Ақтоғай селосының аудандық мұражайында сақталады.
Тармақ 12
12. Ақтоғай ауданының «Құрметті азаматы» атағынан айыру аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық Мәслихаттың шешімімен төмендегі жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) құрметті атақтын иегері қылмыс жасағаны үшін сотталған, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін;
Тармақша 2
2) құрметті атақтын иегері қоғамға жат қылық жасап, қоғамды дүрліктіріп қобалжытқан жағдайда;
Тармақша 3
3) Павлодар облысынан тыс жерге тұрақты мекен жайына қоныс аударуына байланысты.
Тармақ 13
13. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағынан айырылған тұлға аудандық Мәслихатқа куәлігі мен белгісін қайтарып береді.