Құжат мәтініне өту

О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр технического сопровождения и анализа в области телекоммуникаций" Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи

Қаулы · № 362 · қабылданған 17.04.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38944/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр технического сопровождения и анализа в области телекоммуникаций" Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи Қолданыста Қаулы ·№ 362 ·17.04.2008
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр технического сопровождения и анализа в области телекоммуникаций" Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи

Қолданыста Қаулы ·№ 362 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр технического сопровождения и анализа в области телекоммуникаций" Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
362
Қабылданған күні
17.04.2008
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI38944_10.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000362_
ЭКБ идентификаторы
38944
Редакция идентификаторы
AI38944_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:36

0 Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, байланыс саласындағы және ақпараттандыру, ақпарат салаларындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні телекоммуникация саласындағы қызмет, оның ішінде мыналар бойынша:

1

1) радиожиілік спектрі және радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін, радиоэлектрондық құралдар мен радиожиіліктер тағайындаудың тізілімін (деректер базасын) сүйемелдеу, сондай-ақ және азаматтық мақсаттағы жоғары жиілік құрылғыларды радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету;

2 2) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында біріктірілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеуге қатысу;

3 3) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету болып белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

2 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 сәуірдегі
N 362 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.18 № 427 Қаулысымен.

3 3. "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысында:

2-1-тармақтың 2) тармақшасында:
"үйлесімділігін қамтамасыз ету" деген сөздер "үйлесімділігін есептеуді жүргізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"электрмагниттік үйлесімділікті есептеуді жүргізуді қоса алғанда," деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электрмагниттік үйлесімділігіне есептеу жүргізу жөнінде қызметтер көрсету;".

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

1 Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 сәуірдегі
N 362 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 22 шілдедегі
N 724 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

Қолданыстағы