Біртілек ауылдық округінің Димитров елді мекенінің шегіне өзгеріс енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Біртілек ауылдық округінің Димитров елді мекенінің шегіне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6,31 баптарына, «Қазакстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 107,108 баптарына сәйкес Біртілек ауылдық округі әкімінің 23.11.2007 жылгы №124 ұсынысы негізінде Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Біртілек ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан 23,9 га жер учаскесі Димитров елді мекенінің шегіне енгізіліп, аталған елді мекеннің шегі өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.