О Правилах осуществления предвыборной агитации, предоставления эфирного времени на радио- и телепрограммах и на публикацию агитационных предвыборных материалов в периодических печатных изданиях государственных и других средств массовой информации кандидатам в депутаты Парламента и маслихатов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға радио-телебағдарламалардан эфир уақытын беру және мемлекеттік мерзімді баспа басылымдарына және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сайлау алдындағы үгіт материалдарын жариялаудың, сайлау алдындағы үгітті жүргізудің Ережесі туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 27 және 28 баптарының негiзiнде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Парламентiнің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға радио-телебағдарламалардан эфир уақытын берудiң және мемлекеттiк мерзiмдi баспа басылымдарына және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сайлау алдындағы үгiт материалдарын жариялаудың, сайлау алдындағы үгiттi жүргiзудiң ұсынылып отырған Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi және олардың аумақтық бөлiмшелерi 1999 жылғы 25 тамызға дейiнгi мерзiмге республикалық және аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарының тiзбесiн мемлекеттiк қатысуымен жарияласын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы) әкiмдерi мен сайлау комиссияларының төрағаларына, Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм Министрлiгiне жiберілсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға радио-телебағдарламалардан эфир уақытын беру және мемлекеттiк мерзiмдi баспа басылымдарына және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сайлау алдындағы үгiт материалдарын жариялаудың, сайлау алдындағы үгіттi жүргiзудiң Ережесi
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
1999 жылғы 17 тамыздағы
N 21/225 қаулысына
N 1 Қосымша
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға радио-телебағдарламалардан эфир уақытын беру және мемлекеттiк мерзiмдi баспа басылымдарына және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сайлау алдындағы үгiт материалдарын жариялаудың, сайлау алдындағы үгіттi жүргiзудiң Ережесi
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның, Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңының талаптарына сәйкес шығарылды және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға дайындық және өткiзу кезеңiнде мемлекеттi және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрi - БАК) пайдаланудың тәртiбi мен жағдайын реттейдi.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгiттеу тиiстi сайлау комиссиялары оларды тiркеген күннен басталады және сайлау алдындағы күнi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Тармақ 2
2. Сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес БАҚ редакциялары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгiт кезiнде БАҚ-на тең жағдайда қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Депутаттыққа кандидаттарға БАҚ-на қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда лауазымды адамда депутаттыққа кандидатқа нақты, дәлелдi жазбаша жауап беруi қажет және осы жауаптың көшiрмесiн тиiстi сайлау комиссиясына дереу жiберу керек.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар болып тiркелген мемлекеттiк қызметтегi лауазымды адамдар өздерiнiң қызмет жағдайларының артықшылықтарын басқа кандидаттардың БАҚ-на тең жағдайда қол жеткiзу құқығын шектеу үшiн пайдаланбауы тиiс, сондай-ақ басқа кандидаттардың сөз сөйлеуiне кедергi келтiру және шектеу мақсатымен БАҚ-на қысым көрсетудiң кез келген нысанын қолдануға хақылы емес.
Тармақ 5
5. Депутаттыққа кандидаттар болып тiркелген журналистер, БАҚ редакцияларының лауазымды адамдары не болмаса олардың сенiм бiлдiрген адамдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлауды жазып, көрсетуге қатысуға хақылы емес.
Тармақ 6
6. Әрбiр кандидатқа басқа кандидаттармен бiрдей Республикалық бюджеттен төленетiн мемлекеттiк теледидар арқылы бiр мәрте он бес минуттық сөз сөйлеуге, мемлекеттiк радио арқылы бiр мәрте он минуттық сөз сөйлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк баспасөз органдарында көлемi:
Тармақша 1
1) Парламент депутаттығына кандидаттарға әрқайсысы 100 жолдан;
Тармақша 2
2) облыстық, Астана және Алматы қалалары мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға әрқайсысы 70 жолдан;
Тармақша 3
3) аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарға әрқайсысы 50 жолдан екi мақала жариялау құқығы берiледi.
Тармақ 7
7. "Қазақстан-1", "Хабар" республикалық телеарналары, "Қазақстан-1" радиоарнасы өздерiнiң партиялық тiзiмдерiн тiркеген Қазақстан Республикасының барлық саяси партияларына эфир уақытын анықтап, тең бөлуi тиiс.
Тармақ 8
8. Мемлекеттiк және басқа бұқаралық ақпарат құралдарынан сөз сөйлеудiң сипаты мен түрін кандидаттар мен партиялық тізімге енгiзiлген саяси партиялардың өздерi айқындайды (бұдан әрi - саяси партия). Кандидаттардың сөзiн бөлуге, сондай-ақ оған қандай да бiр түсiнiктеме беруге тыйым салынады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттығына кандидаттар, саяси партиялар өздерiнің бағдарламаларымен мемелекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарынан республикалық "Қазақстан-1", "Хабар" телеарналарынан, "Қазақстан-1" радиоарнасынан, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерi мемлекеттiк баспасөз органдарының беттерiнен, сондай-ақ облыстық мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарынан, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы), аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың тиiстi БАҚ сөз сөйлеу құқығы бар.
Тармақ 10
10. Саяси партиялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың кепiлдi сөз сөйлеуiн бұқаралық ақпарат құралдары қамтамасыз етедi.
Депутаттыққа кандидаттардың және саяси партиялардың кепiлдi сөз сөйлеуiн редакциялар олардың жазбаша өтiнiштерiнiң келiп түсу тәртiбiмен белгiлейдi.
Талас туындаған жағдайда сөз сөйлеудiң кезегi кандидаттар мен партиялардың өзара келiсiмi немесе жеребе бойынша белгiленедi. Жеребе ұйымдастыру мен өткiзудiң тәртiбiн тиiстi мемлекеттiк БАҚ белгiлейдi. Жеребе талас мәселелерi туындаған күнi өткiзiледi. Жеребенiң нәтижелерi тиiстi сайлау комиссияларына берiледi.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға және саяси партияларға эфир уақытын беру кезегiн мемлекеттiк БАҚ жасайды. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттығына кандидаттардың және саяси партиялардың телерадио эфирiне шығатын күнi мен уақытының кезегi көрсетiлген көшiрме Орталық сайлау комиссиясына, облыстық, Астана, Алматы қалаларының сайлау комиссияларына, облыстық, Астана, Алматы қалаларының, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың - тиiстi сайлау комиссияларына жiберiледi.
Тармақ 12
12. Облыстық, аудандық, қалалық мемлекеттiк БАҚ-на қатысты болмаған, объективтi себептер бойынша техникалық мүмкiндiк шектелген жағдайда кандидаттарға басқа тең деңгейдегi аумақтық БАҚ-нан сөз сөйлеу құқығы берiледi. Эфирге шығудың күнi мен уақыты БАҚ-ның бас редакторларымен (редакторлармен) келiсіледi.
Тармақ 13
13. Мемлекеттiк БАҚ өздерiнiң техникалық мүмкiндiгiне орай депутаттыққа кандидаттарға қажеттi кәсiби көмек берудi қамтамасыз етулерi тиiс (студияны ресiмдеу, эфир алдындағы дайындық, техникалық қамтамасыз ету, сөйлейтiн сөздi жазу, эфирге шығу, жүргiзушiнi белгiлеу және т.б.).
Тармақ 14
14. Депутаттыққа кандидаттардың және партиялық тiзiммен ұсынылған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiтi туралы телерадиодан өткен барлық бағдарламаларға, мерзiмдi баспасөзде жарияланған мақалаларға төленгендiгi туралы, материалдарды шығаруға жауапты адамның, қаржыландыру көзiнiң, ақпаратты берген тұлғаның тегiнiң мәлiметтерi болуы тиiс (хабарландырудың тәсiлiн БАҚ құралдарының өздерi белгiлейдi).
Тармақ 15
15. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге, сайлау алдындағы кез келген үгiт материалдарын таратуға, мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ қызмет бабындағы мiндеттерiн атқару кезiнде олардың лауазымды адамдарына, әскери бөлiмдерiне, әскери мекемелер мен ұйымдарға, сайлау комиссияларының мүшелерiне дерексiз үгiт материалдарын таратуға:
- сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайлармен тауарлар, бағалы қағаздар берiп қызмет көрсету ақша, қаражат төлеу, не оны беруге, уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге;
- кандидаттардың, партиялық тiзiммен ұсынылған саяси партиялардың бағдарламаларында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзатын, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiретiн, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатiгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру идеяларын уағыздауға тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Мемлекеттiк органдардың және өзге де ұжымдардың лауазымды адамдары, меншiк иесi, таратушы, бас редактор (БАҚ редакторы) таратылатын хабарлар мен материалдардың авторлары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның және "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзғаны үшiн жауапты болады.