Құжат мәтініне өту

Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Өзге акт · № 57 · қабылданған 26.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.03.2009 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-38983/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 57 ·26.03.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

ҚАЗСыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 57 · қабылданған 26.03.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
57
Қабылданған күні
26.03.2008
Көрсетілген редакция
31.03.2009 · қолданыстағы AI38983_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
31.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08UC000057
ЭКБ идентификаторы
38983
Редакция идентификаторы
AI38983_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:48

0 Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексінің) 491-бабының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Кентау қаласы мен елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Сыртқы (көрнекі) жарнамалар (бір беттен) орналастырғаны үшін төленетін төлемақы ставкалары

2008 жылғы 26 наурыздағы N 57
Кентау қалалық мәслихатының
шешімімен бекітілген
Сыртқы (көрнекі) жарнамалар (бір беттен) орналастырғаны үшін төленетін төлемақы ставкалары
N
Жарнама түрі
Төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіштен процент есебімен)
Айсайын
Бір реттік төлем
Категория
"А"
Категория
"В"
Категория
"С"
1
Көрсеткіштер ілу тақталары, ақпарат тақталары, 2 метрге дейін (жарнама объектісі), плакаттар
100
80
70
100
2
Жарық түсіретін таблолар, лайтбокс (сити-форматты)
105
85
75
105
3
Ақпараттық-жарнама объектілері алаңы 2 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейін (қабырғадағы, шатыр үстіндегі)
ПО
90
80
110
4
Ақпараттық-жарнама объектілері алаңы 5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін (қабырғадағы, шатыр үстіндегі)
115
95
85
115
5
Ақпараттық-жарнама объектілері алаңы 10 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейін (қабырғадағы, шатыр үстіндегі)
120
100
90
120
6
Ақпараттық-жарнама объектілері алаңы 20 шаршы метрден 30 шаршы метрге дейін (қабырғадағы, шатыр үстіндегі)
125
105
95
125
7
Ақпараттық-жарнама объектілері алаңы 30 шаршы метрден жоғары (қабырғадағы, шатыр үстіндегі)
130
ПО
100
130
8
Киоскілер, павильондар, дүкендер, қоғамдық тамақтандыру нүктелер үстінде(жанында, алдында) орналастырған уақытша түрдегі жарнама объектілері
100
80
70
100
Ескерту:
1. Бюджеттік мекемелерге ставкілер 20 пайызға кемітіледі.
2. ҚР мемлекеттік органдары олардың өз функцияларын іске асыруына байланысты орналастырған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
3. Төленген төлемақы сомалары бюджеттен керІ қайтарылмайды.
4. Кентау қаласы бойынша ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, маңызды аумақтар, ауыл округтері, елді мекендер, қаладағы үлкен көшелер және алаңдар тізімі категория бойынша.
"А" категориясы: Кентау қаласы және жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары.
"В" категориясы: Қарнақ ауылы және Қарнак ауылындағы Құшата, Бүргем, Чаштөбе бөлімшелері.
"С" категориясы: Ащысай, Байылдыр және Хантағы елді мекендері.