Құжат мәтініне өту

Материалдық көмек көрсету туралы

Қаулы · № 99 · қабылданған 20.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.03.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-38988/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Материалдық көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 99 ·20.03.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Материалдық көмек көрсету туралы

ҚАЗМатериалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 99 · қабылданған 20.03.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Материалдық көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
99
Қабылданған күні
20.03.2008
Көрсетілген редакция
20.03.2008 · қолданыстағы 38988_325423.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
20.03.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZL000053
ЭКБ идентификаторы
38988
Редакция идентификаторы
38988_325423
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:50

0 Материалдық көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасының азаматтарыңа материалдық көмек көрсету Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (Б.Қ.Митанов) Теректі ауданының аумағында тұрақты тұратын төменде көрсетілген азаматтар (санатына қатыстыларға) рұқсат етілсін:

1 1) аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға жылына бір рет отбасының табыстарына қарамастан 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде, материалдық көмек көрсетілу ұсынылсын;

2 2) аз қамтылған отбасыларға, жылына бір рет отбасының табыстарына қарамастан, 20 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде емделу үшін материалдық көмек көрсетілу ұсынылсын;

3 3) жерлеуге төленетін материалдық көмек азамат қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға отбасының табыстарына қарамастан, 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде материалдық көмек көрсетілу ұсынылсын;

4 4) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына, отбасының табысына қарамастан ай сайын 1000 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілу ұсынылсын.

2 2. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 29 наурыздағы «Материалдық көмек көрсету туралы» №31 (тіркеу №7-12-44, 2007ж. 17.04; №27, 2007 ж. 20.04. «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Теректі ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы «Материалдық көмек көрсету туралы» № 15 қаулы жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрғалиев Әлжан Жақсыгерейұлына жүктелсін.

5 5. Теректі ауданы әкімдігінің осы қаулысы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Теректі ауданы қаржы
бөлімінің бастығы
Г.Сисекенова
КЕЛІСІЛДІ:
Теректі ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
бастығы Б.Митанов