О мерах по внедрению здорового образа жизни Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Салауатты өмiр салтын өмiрге енгiзу жөнiндегi шаралар туралы Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауын iске асыру, облыста салауатты өмiр салтын өмiрге енгiзу мақсатында шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. Меншiк нысандарына қарамастан облыстың бұқаралық ақпарат құралдарына алкоголь iшiмдiктерiн, темекi өнiмдерiн жарнамаламауға ұсыным жасалсын.
Тармақ 2
2. 1998 жылғы қаңтардың 1-нен бастап мемлекеттiк мекемелердiң ғимараттарында темекi тартуға тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Қалалардың, аудандардың әкiмдерi, бөлiмдердiң, басқармалардың, комитеттердiң бастықтары темекi тартуға тыйым салуды жүзеге асыру жөнiнде шаралар алсын, оның орындалуына жауапты адамдар тағайындайтын болсын.