О государственном коммунальном казенном предприятии «Павлодардортранс» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Павлодаржолкөлік» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әділет басқармасы НҚА мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы туралы 2001 жылғы 30 қарашадағы қорытынды. «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 10 жылғы желтоқсандағы № 2578-ХII Заңының негізінде, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Жарлығына сәйкес, жол-көлік оқиғаларының салдарын жою жөніндегі міндеттерді шешу, автокөліктің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайту, жол қозғалысын ұйымдастыру және автосервис объектілері мен жол құрылымын дамыту шараларың өткізу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Жедел басқару құқығындағы «Павлодаржолкөлік» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыс істер басқармасының жол полициясы басқармасына кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болуға уәкілдік берілсін.
Тармақ 3
3. Облыс ішкі істер басқармасының жол полициясы басқармасы: кәсіпорынның Жарғысын дайындасын және бекітсін. бір ай мерзімде қолданылып жүрген заң қағидаттарына сәйкес өз базасы негізінде жүктелген міндеттері қаржыландыратын кәсіпорын құрсын; кәсіпорынды белгіленген тәртіпте заңды тұлға ретінде тіркеуден өткізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылау жасайтын боламын.