Об утверждении целевых групп населения Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы 5 бабының 2 тармағы және 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды бекіту мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын тұлғалардың мынадай тізбесі анықталсын:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) 21 жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі залалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) ұзақ үақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп);
Тармақша 12
12) жоғары, арнаулы орта, орта және кәсіби білім беретін оқү орындарын, сондай-ақ даярлау курстарын бітірген соң еңбек өтілі жоқ түлектері;
Тармақша 13
13) алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар;
Тармақша 14
14) болашағы жоқ 50 жастан асқан адамдар.
Тармақ 2
2. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылгы 12 ақпандағы № 63 «Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-39, 2007 жылғы 12 ақпандағы № 15 (330) «Айна» аудандық газетінде жарияланған, 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 153 «Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 63 «Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-47, 2007 жылғы 17 мамырдағы № 20 (335) «Айна» аудандық газетінде жарияланған, қаулыларының күштері жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А.Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.