Об изменениях в административно-территориальном устройстве Житикаринского района Костанайской области» Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Жітіқара ауданының өкілетті және атқарушы органдарының пікірін есепке ала отырып Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жітіқара ауылдық округі таратылсын.
Тармақ 2
2. Таратылған Жітіқара ауылдық округінің Қазірет және Тасыбай ауылдары олардың жер пайдалану шекарасы шегіндегі аумағымен Большевик ауылдық округіне қосылсын.
Тармақ 3
3. Жалтыркөл ауылы оның жер пайдалану шекарасы шегіндегі аумағымен Мүктікөл ауылдық округіне әкімшілік бағынысқа берілсін, округтің әкімшілік орталығы Жалтыркөл ауылы болсын.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешім мен қаулы, оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.