О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О мерах защиты внутреннего рынка при импорте товаров" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1. 1-бап. "Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 446-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-бап. "Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 446-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Аталған түзету Заңның қазақша мәтініндегі сөздерді өзгертуді қажет етпейді.
Тармақ 2
2. 1-баптың 3)-5), 10) және 11) тармақшаларында, 3-баптың 1 және 2-тармақтарында, 4-бапта, 10-баптың 4 және 5-тармақтарында "кеден" деген сөз алып тасталсын.
Тармақ 3
3. 1-бапта:
Тармақша 1
1) 11) тармақшада "және басқа да көрсеткіштерге" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 2
2) 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "12) елеулі залал келтіру қаупі - Қазақстан Республикасының аумағына ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар жеткізіп беру көлемінің ұлғая түсу салдарынан болашақта отандық өндіріс саласындағы ахуалдың болмай қоймайтын едәуір нашарлауы; 13) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының сауда және өндірістік қызмет мониторингін жүзеге асыратын, елеулі залалдың бар екендігін немесе оның келтірілу қаупін және қорғау шараларын енгізу қажеттігін анықтау жөнінде іс қарауды жүргізетін мемлекеттік органы.".
Тармақ 4
4. 6-бапта:
Тармақша 1
1) 2-тармақта "отандық өндірушілердің" деген сөздер "отандық өндірушінің немесе өндірушілер бірлестігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 3-тармақта: "коммерциялық ұйымдар" деген сөздер "және өзге де ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын; "көрсетуге және" деген сөздерден кейін "қайтарымдық негізде" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 5
5. 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Қорғау шараларын қолданудың алдындағы іс қарауды жүргізу жөніндегі өтініш, егер осы өтініш бойынша өз пікірін білдірген отандық тауар өндірушілердің үлесіне Қазақстан Республикасындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісі жалпы көлемінің елу проценттен астамы келетін болса қарауға қабылданылуы мүмкін. Бұл ретте өтінішті қолдайтын отандық өндірушілер үлесіне отандық өндірушілер өндірген ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың көлемінің жиырма бес проценттен астамы келуге тиіс."
Тармақ 6
6. 8-бапта: 1-тармақтың 3) тармақшасында "көрсететін" деген сөзден кейін "және осы саладағы жағдайға әсер ететін сандық көрініспен берілуге болатын" деген сөздермен, "деректер" деген сөзден кейін үтір қойылып, "атап айтқанда:" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 7
7. 9-бапта:
Тармақша 1
1) 1-тармақта "отыз" деген сөз "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Егер уәкілетті орган мәліметтерді жеткіліксіз деп тапса, ол өтініш алынған күннен бастап он күндік мерзімде бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға және оған өзінің өтінішін өзгертуге немесе толықтыруға мүмкіндік беруге тиіс. Өтініш беруші бұрын берілген өтінішті толықтыратын немесе өзгертетін ақпарат жіберген жағдайда, уәкілетті органда осындай толықтырулар немесе өзгерістер тіркелген күн өтініш қарауға қабылданған күн болып саналады.";
Тармақша 3
3) 3-тармақ "жеткілікті дәлелдер болмаса" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Заңның 7-бабының 2-тармағындағы шарттар орындалмаса" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақша 4
4) 4-тармақта: "қабылданғаннан кейін" деген сөздер "қабылданған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын; "көрсете отырып" деген сөздерден кейін "он күндік мерзімде" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 8
8. 10-бапта:
Тармақша 1
1) 3-тармақта "отыз күнтізбелік күн ішінде" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақша 2
2) 6-тармақ алып тасталсын;
Тармақ 9
9. 12-бапта:
Тармақша 1
1) 1-тармақта "мүдделі тұлғаларға сауалдар жіберуге" деген сөздер "мүдделі тұлғалардан қосымша ақпарат сұратуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 2-тармақта: "мүдделі тұлғаның" деген сөздерден кейін ", ақпарат жіберген кезде," деген сөздермен толықтырылсын; "уәкілетті органның хабарлауында көрсетілген" деген сөздер "уәкілетті орган көрсеткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 10
10. 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. Құпия ақпаратты, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауға, уәкілетті органның лауазымды адамдарының жеке мүдделерінде пайдалануға, үшінші тұлғаларға, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдарға беруге болмайды.".
Тармақ 11
11. 14-баптың 3-тармағындағы "баспасөз органдарында" деген сөздер "басылымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 12
12. 16-бапта:
Тармақша 1
1) баптың атауындағы "залалды" деген сөзден кейін "немесе оның келтірілу қаупін" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 2-тармақта "себеп-салдарлы байланыстарды анықтау үшін" деген сөздерден кейін "немесе оның келтірілу қаупінің болуын анықтау үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 3-тармақта "елеулі залал келтіретін" деген сөздер "елеулі залал келтіретін немесе залал келтіру қаупі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 4-тармақта "ұйғарым шығаруға" деген сөздер "қорытынды беруге" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 13
13. 1-тармақта: "уәкілетті орган шығарған" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын; "жүргізу" деген сөз "жалғастыру" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 4-тармақта "төлеушінің" деген сөз "импорттаушының" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақша 3
3) 5-тармақта "төлеушіден" деген сөз "импорттаушыдан" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақ 14
14. 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: "18-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің уақытша қорғау шараларын енгізу туралы қаулысын жариялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің уақытша қорғау шараларын енгізу туралы қаулысы ресми басылымдарда жарияланады. Жарияланымда уақытша қорғау шараларын енгізудің мерзімдері мен негіздемесі болуы тиіс.".
Тармақ 15
15. 21-баптың 1-тармағында:
Тармақша 1
1) "шешім" деген сөз "Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "баспасөз органдарында" деген сөздер "басылымдарда" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 16
16. 22-баптың 3-тармағында "тоқтатылуы" деген сөзден кейін ", өзгертілуі" деген сөзбен толықтырылсын.
Тармақ 17
17. 24-бапта:
Тармақша 1
1) 2-тармақта "өтініш" деген сөз "уәкілетті органның өтінімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 3-тармақтың қазақша мәтіні дұрыс.
Тармақ 18
18. 26-бап мынадай редакцияда жазылсын: "26-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау шараларын қолдану туралы қаулысын жариялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау шараларын енгізу туралы қаулысы ресми басылымдарда жарияланады. Жарияланымда сондай-ақ мүдделі тұлғалардың дәлелдерін немесе талаптарын қабылдау немесе қабылдамаудың себептері мен негіздемелері болуы тиіс.".
Тармақ 19
19. 27-бап мынадай редакцияда жазылсын: "27-бап. Шешімдерге шағымдану тәртібі Мүдделі тұлғалар қорғау шараларын қолдану жөніндегі істі қарау кезеңінде қабылданған уәкілетті органның шешімі мен іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот арқылы шағымдануға құқылы."
Тармақ 20
20. Мынадай мазмұндағы 28-баппен толықтырылсын: "28-бап. Тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық Тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.".
Бап 2. 2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.