О переименовании названий некоторых улиц города Актобе, присвоении названий безымянным улицам микрорайонов и населенных пунктов города Актобе Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ақтөбе қаласындағы кейбір көшелерді қайта атау, қала аумағындағы елді мекендердің және шағын аудандардың атаусыз көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы
N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласының мынадай көшелері:
Тармақша 1
1) Скулкин көшесі Шәмші Қалдаяқов көшесі;
Тармақша 2
2) Клубная көшесі Төлеу Алдияров көшесі;
Тармақша 3
3) Новочеркасская көшесі Төлеген Айбергенов көшесі;
Тармақша 4
4) Пионерский көшесі Александр Яншин көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Батыс - Қазақстан жәрмеңкесі орналасқан айналма тас жол Кеңес Нокин атындағы даңғыл болып аталсын.
Тармақ 3
3. "Заречный" - 2" шағын ауданының атаусыз көшелеріне Қамбар Медетов, Василий Мощенский, Байдалы Өмірұлы есімдері берілсін.
Тармақ 4
4. "Оңтүстік - Батыс - 1" шағын ауданының атаусыз көшелеріне Көтібар батыр және Арыстан батыр есімдері берілсін.
Тармақ 5
5.
Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының
Кеңес Нокин ауылының көшесіне Ілияс Есенберлин есімі берілсін.
Тармақ 6
6. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының Украинка ауылының көшелеріне "Шапағат", "Табиғат" және "Наурыз" атаулары берілсін.
Тармақ 7
7. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының Кеңес Нокин ауылының көшесіне «Достық» атауы берілсін.
Тармақ 8
8.
Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының
Ясное ауылының көшесіне Ахметжан Қойшығұлов есімі берілсін.
Тармақ 9
9. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.