Қолданыстағы ред. 18.03.2008

Ауданда қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы от 18.03.2008 г. № 108 (Ауданда қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы)

0

Ауданда қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42 бабын, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы №208 Қазақстан Республикасының 11 желтоқсандағы №151 бұйрығымен бекітілген «Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару туралы» Нұсқаулығын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Соттардың үкімімен, қаулысымен сотталған адамдарға 2008 жыл ішінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі түріндегі жазаны өтеу үшін кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілері (келісім бойынша) қоғамдық жұмыс объектілері болып белгіленуге ұсынылсын:

1

1) «Серпер-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

2

2) «Темірәлі-Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

3

3) «Габдушов Миргали» жеке кәсіпкер;

2

2. Жоғарыда көрсетілген заңды тұлға басшыларына (келісім бойынша), жазасын өтеуге жіберілген азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету ұсынылсын.

3

3. Аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы (Каримов Б. Келісім бойынша) қоғамдық жұмыс объектілері басшыларымен және жергілікті округ әкімдерімен тығыз байланыста болып, қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазасын өтеу тәртібі жөнінде түсінік беру ұсынылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары әкімият мүшесі С.Рахимовқа жүктелсін.

5

5. Осы қаулы Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Келісілді:
Аудандық қылмыстық-атқару
инспекциясының аға маман-аға
инспекторы Каримов Бауыржан
«Серпер-2» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі бастығы
Жүгінісов Болат
«Темірәлі-Тұрмыс» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі бастығы
Теміралиев Еркебұлан
«М.Габдушев» жеке кәсіпкер
Габдушев Мерғали