О пособиях семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов Қолданыста
Басқа 0
Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек-балалар отбасының жәрдемақылары туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес, үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балалрына атаулы көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан отбасына жәрдемақы төлемдерін тағайындау туралы ұсынылған Нұсқаулы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланымның он күнтізбелік күндік мерзімі аяқталғаннан кейін және 2008 жылдың 1 қантарынан бастап туындаған құқықтық қатынас таралымынаң соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Б. Қасеновке жүктелсін.
Басқа 4. Мүгедек балаларды уйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу туралы нұсқаулығы
Аудан әкімдігінің қаулысымен
2008 жылғы «25» наурыз № 60/2
Бекітілді
Мүгедек балаларды уйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу туралы нұсқаулығы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқау үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балалар отбасына жәрдемақы төлемдерін тағайындау туралы (бұдан әрі - Нұсқау) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 29 бабы 6 тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Балаларды шектеулі мүмкіншіліктерінің әлеуметтік медико-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заңы негізінде өнделіп, әлеуметтік төлем тәртібін нақтылайды.
Тармақ 2
2. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау мен төлеу (бұдан әрі - Жәрдемақы) олардың 18 жасқа толғанға дейін жүргізіледі .
Тармақ 3
3. Жәрдемақы жәрдемақының басқа түрлерін алуына байланыссыз тағайындалады және төленеді.
Тармақ 4
4. Жәремақы тағайындау туралы өтініші Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Комиссиясымен (бұдан әрі - Комиссия) түскен күннен бастап 10 күн ішінде қаралады.
Тармақ 5
5. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш барлық ұсынған құжаттармен, сондай-ақ Жәрдемақы тағайындау туралы шешімімен Комиссия хаттамалары алушының жеке ісінде сақталады.
Тармақ 6
6. Жәрдемақы тағаындаудан бас тартылған жағдайда, Комиссия өтініш берушіні бас тартылған себебін көрсетіп жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы немесе басқа әлеуметтік төлемдерді алу құқығына ықпал ететін барлық өзгерістермен таныстырып отыруға міндетті.
Тармақ 8
8. Жәрдемақы төлемі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Жәрдемақы төлеу жөнінде дау туған жағдайда мәселе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте шешіледі.
Тарау 2. 2. Жәрдемақы тағайындау
2. Жәрдемақы тағайындау
Тармақ 10
10. Жәрдемақы ата-анасының беруі немесе оның орнындағы адамның өтініші бойынша тағайындалады.
Тармақ 11
11. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш ата-анасының біреуі немесе оның орнындағы адаммен Ертіс аудынының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне беріледі.
Тармақ 12
12. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу және оқыту қажеті туғанда жәрдемақы облыстық, қалалық психилогиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің берген қорытындысы негізінде бір жылға тағайындалады және тоқсан сайын төленіп отырады.
Тармақ 13
13. Жәрдемақы тағайындау мен төлеуге мерзімі біткенге бір ай қалғанда міндетті түрде құжаттар жаңартылады.
Тармақ 14
14. Жәрдемақы тағайындау үшін мынадай құжаттар ұсыну қажет:
Тармақша 1
1) онда банктің атауы мен есеп шоты көрсетілген ата-анасының бірі, немесе оның орнындағы адамның өтініші;
Тармақша 2
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 3
3) облыстық , қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің берген қорытындысы;
Тармақша 4
4) дәрігерлік-кеңестік комиссияның хаттама үзіндісінің көшірмесі;
Тармақша 5
5) медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
Тармақша 6
6) отбасы құрамын растайтын құжат (жыл саын);
Тармақша 7
7) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 15
15. Жәрдемақы бірінші рет тағайындалғанда, өтініш берген күннен бастап төленеді.
Тарау 3. 3. Жәрдемақы төлеу тәртібі
3. Жәрдемақы төлеу тәртібі
Тармақ 16
16. Жәрдемақы өткен тоқсанға 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Тармақ 17
17. Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тоқсан сайын айдың 1 күніне келер есеп сонынан, 451010000 бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлемдері мен тағайындау туралы мәліметтерді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ұсынады.
Тармақ 18
18. Алушының уақытында талап етілмеген Жәрдемақы сомалары төлем тоқтатылған тоқсан ішінде қайта төлететін болады.
Тарау 4. 4. Есеп беру және есептілік
4. Есеп беру және есептілік
Тармақ 19
19. Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып тоқсанның 25-күніне Жәрдемақының төленген сомасы туралы келер есеп соңынан саластыру актісін құрайды.
Тармақ 20
20. Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі келер есептердің соңынан айдың 1-күніне қаржыландырылған шара бойынша төленген сомасы жөнінде Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ұсынады.