Об утверждении стоимости талонов и ставок фиксированного суммарного налога по отдельным видам предпринимательской деятельности Қолданыста
Басқа 0
Кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлері бойынша талондардың құнын және жалпы бағалы салықтың мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес, Ертіс ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы Ж.Қ. Мұсабаевтың 2008 жылғы 11 наурызындағы № СТБ 1-01/1080 ұсынысын қарастырып, аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімінің № 1, 2 қосымшалар бойынша жеке тұлғалар үшін қызметі эпизодтық сипат алған, сондай-ақ Ертіс аулының нарығында тауарларды өткізетін бір жолғы талондардың құны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың сессияларында бұрын қабылданған 2006 жылғы 29 наурыздағы «Жеке кәсіпкерлік қызмет түрлерінің белгіленген жиынтық салық мөлшерін және талондардың құнын бекіту туралы» № 123-26-3 шешімі, Ертіс ауданының әділет басқармасында 2006 жылдың 14 сәуірінде МТН 12-7-27 теркелген «Ертіс нұры» және «Иртыш» газеттерінде 2006 жылдың 27 сәуірінде № 31 жарияланған;
– аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қыркүйектегі «Аудандық мәслихаттың 2006 жылдың 29 наурызындағы (ІІІ сайланған) ХХҮІ сессиясы «Жеке кәсіпкерлік қызмет түрлерінің беогіленген жиынтық салық мөшерін және талондардың құнын бекіту туралы» № 123-26-3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» № 154-31-3 шешімі, Ертіс ауданының әділет басқармасында 2006 жылдың 30 қазанында МТН 12-7-38 тіркелген, «Ертіс нұры» және «Иртыш» газеттерінде 2006 жылдың 9 қарашасында № 87 жарияланған;
-аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы «Аудандық мәслихаттың 2006 жылдың 29 наурызындағы (ІІІ сайланған) ХХҮІ сессиясы «Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің беогіленген жиынтық салық мөшерін және талондардың құнын бекіту туралы» № 123-26-3 шешіміне өзгертулер енгізу туралы» № 176-36-3 шешімі, Ертіс ауданының әділет басқармасында 2007 жылдың 4 мамырында МТН 12-7-48 тіркелген, «Ертіс нұры» және «Иртыш» газеттерінде 2007 жылдың 12 мамырында № 38 жарияланған шешімдердің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Шешімінің орындалуын бақылау экономика, бюджет, шағын және орта бизнесті қолдау, ауданда спорттың дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.