О внесении изменений в административно-территориальные единицы Курмангазинского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N№4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Құрманғазы аудандық әкімиятының 2007 жылғы 6 наурыздағы N№73 қаулысы мен Құрманғазы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 15 наурыздағы N№330-ХХХVІІ шешімі негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ :
Тармақ 1
1. Құрманғазы ауданының елді мекендерінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Ганюшкин селолық округінің Ескі әуежай ауылы Ганюшкин селолық округінің Ганюшкин селосының құрамына;
Тармақша 2
2) Дыңғызыл селолық округінің Зормата ауылы Дыңғызыл селолық округінің Жыланды селосының құрамына;
Тармақша 3
3) Мақаш ауылдық округінің Ақбетов, Сәт баба ауылдары Мақаш ауылдық округінің Ғ.Әліпов ауылының құрамына;
Тармақша 4
4) Мақаш ауылдық округінің Сардар баба ауылы Мақаш ауылдық округінің Көкарна ауылының құрамына;
Тармақша 5
5) Нұржау селолық округінің Әлислан ауылы Нұржау селолық округінің Жамбыл селосының құрамына;
Тармақша 6
6) Сүйіндік селолық округінің Жаңа ауыл ауылы, Асан селолық округінің Ұштаған ауылының құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.