О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона "О лицензировании" Қолданыста
Басқа 0
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерту енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi өкiмдерге қосымша уақытша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығына мынадай өзгерту
енгiзiлсiн:
9-баптың 34-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"34) бағалы металдар мен асыл тастарды барлау, өндiру,
ұқсату, сақтау, зергерлiк бұйымдар жасау, тазартылған күйiндегi
бағалы металдармен және асыл тастармен операциялар".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.