Үшбұлақ станциясындағы көшеге ат беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Үшбұлақ станциясындағы көшеге ат беру туралы
Үшбұлақ станциясының тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Үшбұлақ станциясындағы көшеге Жылқыбайұлы Жолмахан есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Ботамойнақ ауылдық округі Әкімінің аппаратының бас маманы Ә. Қуанышевке жүктеймін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.