Үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу турал Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы Қазақстан Республикасының 28.01.2001 жылғы №48 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 13.04.2005 жылғы №39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, үйде тәрбиеленіп және оқитын он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көмек он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды жалпы немесе орта арнаулы мектепке дейінгі мекемелерде және оқу орындарында оқыту және тәрбиелеу мүмкін болмаған жағдайда тағайындалады. Көмек психологиялық – медициналық, педагогикалық кеңестің (бұдан әрі ПМПК) анықтамасында белгіленген оқу жылына ата- аналарының біреуіне немесе қамқоршысына өтініш берген айынан бастап төленеді.
Тармақ 2
2. Көмек мөлшері жыл сайын статистика органдары, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі ұcынған әдістеме бойынша тұтыну құнының инфляция индексін есепке ала отырып белгіленеді.
Тармақ 3
3. Көмектің тағайындалуы мен төленуіне уәкілетті орган – «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Уәкілетті орган).
Тармақ 4
4. Бір жолғы көмек төлеу Агенттік келісім бойынша алушылардың тізімі негізінде екінші деңгейдегі Банктер мен Қазпошта филиалдары арқылы жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Көмек алуға құқығы бар азаматтар тұратын жері бойынша қажетті құжаттармен уәкілетті органға арыз береді. Арызға қоса мына құжаттар тапсырылады: - Халықты әлеуметтік қорғау орталық атқарушы органының аумақтық бөлімшесінен мүгедектігі туралы анықтама; - ПМПК анықтамасы (түпнұсқасы); - баланың тууы туралы куәлігі; - тұрғындарды есепке алу кітабы; - өтініш берушінің жеке куәлігі; - өтініш иесінің салық төлеушінің тіркелу нөмері (СТТН) Құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі ұсынылады. Салыстырылып тексеруден кейін құжаттардың түпнұсқасы арызданушыға қайтарылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін 10 күн ішінде біржолғы көмекті тағайындау мен төлеу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші азаматтар ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына толықтай жауап береді. Төлем жүргізілгеннен кейін әлде-бір заң бұзушылық немесе шүбәлі мәліметтер анықталған жағдайда, заңсыз төленген сома заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғалардан өндіріліп алынады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек өтініш берушінің тұратын жері бойынша аударылады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган тоқсан сайын белгіленген нысанда жасалған есебінде Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тағайындалған және төленген әлеуметтік көмек сомасы туралы мәлімдеме береді.
Тармақ 10
10. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ж.Тұманбаева) үйде тәрбиеленіп және оқитын он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті уақытында аудару мен игеруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Әбіловке жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Ж.Тұманбаева 2008 жыл