Мұнайлы ауданының елді мекендеріне
«оралмандардың көші-қон квотасынан»
тыс қоныстанған оралмандардарға біржолғы
материалдық көмек төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 13.12.1997 жылғы №24 «Халықтың көші-қоны туралы», 28.01.2001 жылғы №48 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына және Мұнайлы аудандық мәслихатының «2008 жылға арналған бюджет туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 3-34 шешіміне (облыстық әділет басқармасында 2008 жылғы 10 қаңтар N 1995 тіркелген) сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мұнайлы ауданының елді мекендеріне «оралмандардың көші-қон квотасынан» тыс қоныстанған оралмандардарға біржолғы материалдық көмек төлеу туралы от 03.03.2008 г. № 45-қ (Мұнайлы ауданының елді мекендеріне «оралмандардың көші-қон квотасынан» тыс қоныстанған оралмандардарға біржолғы материалдық көмек төлеу туралы)
1. Мұнайлы ауданына тұрақты тұруға 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап-өз еркімен «Оралмандардың көші-қон квотасынан» тыс қоныстанған бірге тұратын 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар оралман отбасыларына ағымдағы жылдың 50 (елу) айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде бір жолғы көмекпен қамтамасыз етілсін.
2. Әлеуметтік көмек шығынының мөлшері жыл сайын алдағы жылдағы аудандық бюджет туралы аудандық мәслихаттың шешімімен белгіленеді.
3. Бір жолғы көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган- Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
4. Бір жолғы көмек төлеу Агенттік келісім бойынша алушылардың тізімі негізінде екінші деңгейдегі Банктер мен Қазпошта филиалдары арқылы жүргізілсін.
5. Бір жолғы көмекке үміткер отбасы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар көшірмесі қоса беріледі: отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар; ата-анасының аты-жөні әр түрлі болған жағдайда неке туралы куәлік; тұрақты тіркеуде екендігін дәлелдейтін тұрғындарды тіркеу кітабы; оралман куәлігі; салық төлеушінің тіркелу нөмері (СТНН); көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынща басқармасынан арыз берген уақытта квотадан тыс қоныстанғандығын дәлелдейтін анықтамасы; банктен ашылған қарт-счет нөмірі немесе поштадан жеке есеп шот нөмірі;
6. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін 15 күн ішінде біржолғы көмекті тағайындау мен төлеу туралы шешім қабылдайды.
7. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен ақпараттың дұрыстығына толық жауаптылық артады. Әлде-бір бұзушылықтар немесе мәліметтердің бұрыстығы анықталған жағдайда, заңсыз төленген сома қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамнан өндіріліп алынады.
8. Әлеуметтік көмек өтініш берушінің тұратын жері бойынша аударылады.
9. Уәкілетті орган тоқсан сайын белгіленген нысанда жасалған есебінде Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тағайындалған және төленген әлеуметтік көмек сомасы туралы мәлімдеме береді.
10. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ж.Тұманбаева) «квотадан» тыс келген оралмандарға берілетін бір жолғы көмекті уақытында аудару мен игеруді қамтамасыз етсін.
11. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Әбіловке жүктелсін.
12. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Ж.Тұманбаева
2008 жыл