Қарақия ауданына «Оралмандардың көші-қон квотасынан» тыс қоныстанған оралмандарға берілетін бір жолғы көмек туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарақия ауданына «Оралмандардың көші-қон квотасынан» тыс қоныстанған оралмандарға берілетін бір жолғы көмек туралы Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылы 23 желтоқсандағы №204-I және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қарақия аудандық мәслихатының «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №4/28 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарақия ауданына тұрақты тұруға 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап- өз еркімен «Оралмандардың көшіп келу квотасынан» тыс қоныстанған бірге тұратын 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар оралман отбасыларына ағымдағы жылдың 50 (елу) айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде бір жолғы көмекпен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек аудандық бюджеттен 2008 жылға арналған бюджеттеріне Қарақия ауданына «квотадан» тыс көшіп келіп жатқан оралмандарға бір жолғы көмек аудандық бюджет есебінен жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Бір жолғы көмек төлеу Агенттік келісім бойынша алушылардың тізімі негізінде екінші деңгейіндегі Банктер мен Казпошта филиалдары арқылы жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен ақпараттың дұрыстығына толық жауаптылық артады. Әлде-бір бұзушылықтар немесе мәліметтердің бұрыстығы анықталған жағдайда, заңсыз төленген сома қолданыстағы заңнамамен белгіленген тіртіппен кінәлі адамнан өндіріліп алынады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган есепті айдан кейінгі әр айдың 5- не шығыстау есептерін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ұсынады.
Тармақ 6
6. Бір жолғы көмектің дер кезінде тағайындалуы мен төленуіне уәкілетті орган жауапкершілік артады.
Тармақ 7
7. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (Ә.Әбдіхалықова) және аудандық қаржы бөлімі (Г.Аманова) бюджеттен көрсетілген мақсаттарға қаралған қаражаттан уақытылы қаржыландыру қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Келісілді: Аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуова _________ «___»________2008ж. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Ә.Әбдіхалықова _________ «___»________2008ж. Аудандық қаржы бөлімінің жетекшісі _________ «___»________2008ж. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Е.Бегниязов _________ «___»________2008ж.