Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Қарабұлақ ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Қарабұлақ ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарабұлақ ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 35,0 гектар жерден жер телімі алынып, Қарабұлақ ауылының шегіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Жалпы көлемі 35,0 гектар жер телімі қосылып, Қарабұлақ ауылының шегі өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.