О некоторых вопросах административно-территориального устройства Толебийского района Қолданыста
Басқа 0
Төлеби ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Төлеби аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Төлеби ауданында жаңа ауылдық округі құрылсын, құрамына Киелітас, Достық, Ақайдар, Сұлтанрабат елді мекендері қосылып, әкімшілік орталығы Достық ауылы болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жаңадан құрылған ауылдық округіне Киелітас атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Төлеби ауданының Киелітас, Достық, Ақайдар және Сұлтанрабат елді мекендерінің жері Қазығұрт ауылдық округінің құрамынан шығарылып, оның шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.