Об изменении границ города Жетысай и сельского округа Казыбек би Мактааральского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісай қаласының және Мақтаарал ауданының Қазыбек би ауылдық округінің шекараларын өзгерту туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жетісай қаласының әкімшілік шекарасына Қазыбек би ауылдық округінің жалпы көлемі 16,85 гектар жер бөлігінің қосылуымен Жетісай қаласының және Мақтаарал ауданының Қазыбек би ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.