Об утверждении Правил защиты внутреннего рынка труда при выдаче разрешений работодателям на привлечение иностранной рабочей силы Күшін жойған
Басқа 0
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде ішкі еңбек рыногын қорғау ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 27 ақпандағы № 37-ө бұйрығымен.
Ішкі еңбек рыногын қорғау жөніндегі мемлекеттің мүдделерін басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862 қаулысын орындау үшін бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде ішкі еңбек рыногын қорғаудың ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық облыстық және Астана мен Алматы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларына орындау үшін жіберілсін.
Тармақ 3. Жұмыс берушіге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде ішкі еңбек рыногын қорғау Ережесі
3. Жұмыспен қамту басқармасы тоқсан сайын осы бұйрықтың орындалуына талдау жасасын және басшылыққа шолу ақпарат беріп отырсын.
Жұмыс берушіге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде ішкі еңбек рыногын қорғау Ережесі
Осы Ереже жұмыс берушіге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде ішкі еңбек рыногын қорғау тетігін белгілейді және еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне, халықтың жұмыспен қамтылуын жоғарылатуға мүмкіндік туғызады.
Тармақ 1
1. Жұмыс берушіге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат республиканың еңбек рыногындағы жағдай және жұмыс іздеп жүрген мамандардың бар екендігі ескеріле отырып беріледі.
Тармақ 2
2. Жұмыс берушіге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда беріледі:
Тармақша 1
1) шетел азаматтарын жұмысқа орналастыратын қызеттерге жергілікті жұмыс күшін тартуға мүмкіндік болмағанда немесе олар жоқ болғанда;
Тармақша 2
2) шетел мамандары мен жұмысшыларының біліктілігі жоғары болғанда;
Тармақша 3
3) шетел мамандары мен жұмысшыларын кейін ауыстыру үшін жергілікті жұмыс күшін оқытқанда;
Тармақша 4
4) шетел мамандары мен жұмысшалырынң өтеусіз (қайырымды) қызмет жасағанда.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы аумағындағы ұйымдарда бос қызметтерге жұмысқа орналасуға біліктілігі мен мамандығы бірдей бола тұра жергілікті жұмыс күшінің шетел азаматтары алдында басымдық құқығы бар.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілер жергілікті жұмыс күшін бос жұмыс орындарға қабылдау үшін шаралар қолдануға міндетті. Жұмыс берушілер шетел жұмыс күшінтартуға рұқсат алғанға дейін бұл шартты орындау үшін:
Тармақша 1
1) бар бос орындар мен қажет мамандар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа ақпарат беруге;
Тармақша 2
2) шетел жұмыс күшін тарту жері бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға бос орындар туралы орнатылған нысан бойынша өтінім беруге;
Тармақша 3
3) жұмыссыз азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға міндетті.
Тармақ 5
5. Ішкі еңбек рыногын қорғау үшін және халықтың еңбек рыногында бәсекеге әлсіз санаттарын жұмысқа орналастыру үшін шетел жұмысшылары мен мамандарын тарту үшін мынадай шектеулер белгіленді:
Тармақша 1
1) рұқсат алу уақытында жұмыс берушілер тартатын шетел азаматтарының жасы 23-тен жас және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген зейнеткер жасынан үлкен болмауға тиіс;
Тармақша 2
2) шетел жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасы Заңымен белгілеген квота шегінде рұқсат етіледі.