О социальной защите ветеранов Великой Отечественной войны, инвалидов Чернобыльской АЭС и одиноких инвалидов, нуждающихся в постороннем уходе. Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының ардагерлерiн, Чернобыль АЭС-ғы апаттың мүгедектерiн және сырттай көмекке мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
"Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру мәселелерi бойынша кейбiр Заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуiрдегi № 374- ҚРЗ Заңын басшылыққа алып, және Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектердi, Чернобыль АЭС-ғы апаттың мүгедектерiн, басқа адамның көмегiн қажет ететiн жалғызiлiктi мүгедектердi әлеуметтiк қолдау мақсатында, шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектерiне (бұдан ірi - ҚОС), Чернобыль АЭС-ғы апаттың мүгедектерiне (бұдан ірi - ЧАЭС) тiс протезiн жөндеу және дайындауға бiржолғы төлемдi жүзеге асырудың тәртiбi (№1 қосымша) бекiтiлсiн.
2. Басқа адамның көмегiн қажет ететiн жалғызiлiктi мүгедектерге мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдем ақыға қосымша үстеме ақы тағайындауды және төлеудi жергiлiктi бюджет есебiн ұйымдастыру, қаржыландыру тәртiбi туралы ереже (№2 қосымша) бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы (А. Баужанова) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге, ЧАЭС-ғы апаттың мүгедектерiне тiс протезiн дайындау және жөндеуге бiржолғы төлем ақыны және жалғызiлiктi мүгедектерге мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдем ақыларына тоқсан сайын үстемеақы төлеудi жергiлiктi бюджеттiң қаржысы есебiнен iске асыру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б. Шаметова) қалалар мен аудандардың әкiмдерi жергiлiктi бюджетте қаралған қаржы есебiнен осы көрсетiлген мақсатқа уақытында қаржы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiѕ бiрiншi орынбасары Ж.Р.Аманқұловқа жүктелсiн.
Басқа 5
№ 1 Қосымша
Облыс әкiмiнiң № 199
17.08.1999 ж.
шешiмiмен бекiтiлдi
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына мүгедектерге
және Чернобыль АЭС-iндегi апаттың мүгедектерiне
тiс протезiн жасауға берiлетiн бiр жолғы
төлемдi жүзеге асырудың
Тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы тәртiп Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектерiне және Чернобыль АЭС-гi апаттың мүгедектерiне тiс протезiн жасауға бiр жолғы берiлетiн төлемнiң тетiгiн айқындап белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Стоматологиялық кәсiпорындардың бағасы 10 (он) мың теңгеден аспайтын сомаға берген есеп-шотына Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектерiне және Чернобыль АЭС-гi апаттың мүгедектерiне бiр жолғы төлем жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Қлы Отан соғысы қатысушылары, мүгедектерi бiр жолғы төлем құқын алуы үшiн аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) тiс протезiн жасау және жөндеудiң қажеттiгi жөнiнде ортопед-тiс дәрiгерiнiң қорытындысы;
Тармақша 2
2) бiр жолғы төлемге арналған өтiнiшi;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, мүгедектердiң және Чернобыль АЭС-гi апаттың мүгедектерiнiң куәлiгi;
Тармақша 4
4) бiр жолғы төлем алушы азаматтың төлқұжаты немесе жеке басының куәлiгi.
Тармақ 4
4. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Тәртiптiң 3-i тармағына сәйкес бiр жолғы төлем алуы үшiн тапсырған құжаттарын тұрғылықты жерде арнаулы журналға тiркейдi.
Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының тiркеу журналы негiзiнде орындалған жұмыстың бағасы және төлемдi бiржолғы төлем мөлшерi көрсетiлiп, тiзiм жасақталады.
Бiржолғы төлемдi тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары бөлiнген лимит шегiнде, одан соң облыстық қаржы басқармасына берiлетiн, қажеттi қаржыға тапсырысты жасақтайды.
Тармақ 5
5. Бiр жолғы төлем Қазақстанның халықтық жинақ банкiсi ашық акционерлiк қоғамымен (бұдан былай жинақ банкiсi) жасалған агенттiк келiсiм негiзiнде Маңғыстау облыстық филиалы арқылы төленедi. 80 жасқа толған азаматтарға бiр жолғы төлем мекен-жайына жеткiзiп берiледi.
Тармақ 6
6. Бiр жолғы төлем төлеу жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен iске асырылады.
Тармақ 7
7. Аудандық, қалалық қаржы бөлiмдерi "Жекелеген категориялы азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi" 6.2.105.60 сметалық шығындарына сәйкес агенттiк келiсiм негiзiнде халықтық жинақ банкiсiнiң филиалдарына аудару үшiн көрсетiлген қаржыны аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң бюджеттiк есеп-шотына аударады.
Тармақ 8
8. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы Халықтық жинақ банкiсiмен салыстырып, қарағаннан кейiн облыстың қалалары мен аудандары бойынша төлем төлеудiң нәтижесi жөнiнде облыстық қаржы басқармасына ай сайын есеп бередi.
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтiк қорғау
басқармасының бастығы
А.Баужанова
Басқа 18
№ 2 Қосымша
Облыс әкiмiнiң
№ 199 17.08.1999ж.
шешiмiмен бекiтiлдi
Басқа адамның көмегiн қажет ететiн жалғызiлiктi
мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына
қосымша жергiлiктi бюджеттен үстемеақы тағайындау
және төлеудi ұйымдастыру, қаржыландыру тәртiбi туралы
Ереже
Тарау 1. 1. Осы Ереже басқа адамның көмегiн қажет ететiн
жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақысына (бұдан әрi - мемәлеужәрдемақы)
жергiлiктi бюджеттен үстемеақы қосу, тағайындау,
қаржыландыру және төлеу шарттарының
тетiгiн айқындайды
1. Осы Ереже басқа адамның көмегiн қажет ететiн
жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақысына (бұдан әрi - мемәлеужәрдемақы)
жергiлiктi бюджеттен үстемеақы қосу, тағайындау,
қаржыландыру және төлеу шарттарының
тетiгiн айқындайды
Тармақ 1
1. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк жәрдемақысына үстемеақыны қосуды ұйымдастыру үшiн, жергiлiктi атқарушы органдардың, және аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң өкiлдерi құрамынан арнайы комиссия құрылады.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық арнаулы комиссиялар:
жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстемеақы тағайындау жөнiндегi арызын қарайды;
көмек көрсетуге өтiнiш жасаған мүгедектердiң тұрмыс-жағдайын және қамтамасыз етiлу деңгейiн анықтайды;
мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша үстемеақы тағайындау болмаса тиiссiздiгi жөнiнде шешiм қабылдайды;
Үстемеақы тағайындау кезiндегi даулы мәселелердi реттейдi.
Тармақ 3
3. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша үстемеақы тағайындау жөнiндегi арызы аудандық және қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi арқылы комиссияға тапсырылады. Арызға мынадай құжаттар тiркеледi:
Тармақша 1
1) мүгедектiгi жөнiнде дәрiгерлiк сарап комиссиясының анықтамасы;
Тармақша 2
2) тұрғылықты жерiнен анықтама;
Тармақша 3
3) алатын мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысының мөлшерi жөнiнде анықтама;
Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша үстемеақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың түпнұсқасын немесе заңдық тұрғыда куәландырылған көшiрмесiн тапсыруға болады.
Тармақ 4
4. Арыз берген жалғызiлiктi мүгедектер тапсырған мәлiметтердiң растығы жөнiнде толықтай жауап бередi. Үстемеақы төленгеннен кейiн жалған құжат немесе мәлiмет тапсырғаны анықталса, кiнәлi адамнан заңсыз төленген қаржы мөлшерi керi өндiрiлiп алынады.
Тармақ 5
5. Жалғызiлiктi мүгедектерге мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша төленетiн үстемеақы мөлшерi бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.
Тармақ 6
6. Жалғызiлiктi мүгедектерге мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша төленетiн үстемеақы бюджет жөнiндегi 6.2.258.57.51 шығын классификациясы бойынша "Басқа адамның көмегiн қажет ететiн жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға жұмсалатын қосымша үстемеақысы" құжатына сәйкес жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен төленедi.
Тармақ 7
7. Жергiлiктi жерде жалғызiлiктi мүгедектерге мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша үстемеақы төлеудiң есебiн жүргiзу, бақылау аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне жүктеледi.
Тармақ 8
8. Үстемеақы тоқсан сайын бiр реттен төленедi.
Тарау 2. 2. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк
әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша
үстемеақы тағайындаудың шарттары
2. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк
әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша
үстемеақы тағайындаудың шарттары
Тармақ 1
1. 1999 жылдың 1-i сәуiрiнен бастап жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша үстемеақы алуға құқылы жалғызiлiктi мүгедектер тұрғылықты жерлерi бойынша аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне барып, мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) мүгедектiгi жөнiнде дәрiгерлiк сарап комиссиясы анықтамасының көшiрмесi;
Тармақша 2
2) тұрғылықты жерiнен анықтама;
Тармақша 3
3) алатын мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысының мөлшерi жөнiнде анықтама.
Тармақ 3
3. Үстемеақы мөлшерiнiң қайтадан қаралуы есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне байланысты жыл сайыны бекiтiлетiн республика бюджетi туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстемеақы төлеу және қаржыландыру
3. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстемеақы төлеу және қаржыландыру
Тармақ 4
4. Аудандық, қалалық қаржы бөлiмдерi жергiлiктi бюджетке енгiзiлген бюджеттiк мекемелердi қаржыландыру жөнiндегi нұсқауға сәйкес басқа адамның көмегiн қажет ететiн жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстемеақы төлеуге тапсырысқа және шығын сметасына сай тоқсан сайын қаржы бөледi.
Тармақ 5
5. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорєау бөлiмдерi:
Тармақ 5.1
5.1. Осы ереженiң 2-i тармағы негiзiнде үстемеақы алатын мүгедектердiң әрқайсысына құжаттар жиынтығы бар iс және салымы жөнiнде жеке есеп - шотының нөмерi көрсетiлген есеп карточкасы ашылады. Оның iшiнде куәлiктегi мәлiметтер, РНН, мекен-жайы жазылады.
Тармақ 5.2
5.2. Ағымдағы айдың 25-не дейiн 5.1 тармақтың негiзiнде ай сайын осы үлгi бойынша қосымша үстемеақы алушылардың толық тiзiмi жасақталады.
Тармақ 6
6. Аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдем ақысына қосымша тағайындалған үстемеақы мөлшерiн есепке алып, Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы және Қазақстан Халықтық жинақ банкiсi ашық акционерлiк қоғамыныѕ Маңғыстау облыстық филиалымен арадағы келiсiм бойынша қажеттi қаржы мөлшерiн, сондай-ақ банкке комиссиондық-көтермелеу қаржысын аудандық агенттiк банк бөлiмшелерiне аударады.
Тармақ 7
7. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына өткен тоқсан үшiн қосымша үстемеақы төлеудi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi тапсырған тiзiмге сәйкес агенттiк - банктер жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдем ақысына қосымша үстемеақыны төлеудi тiзiм негiзiнде алушының жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетуi арқылы (жеке басының куәлiгi, зейнеткер куәлiгi) агенттiк-банк бөлiмшелерi iске асырады.
Тармақ 9
9. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстемеақы бiр жылдан аспайтын мерзiмге берiлген нотариалдық түрдегi сенiм хат бойынша да төленедi.
Егерде сенiм хатты тұрғылықты жер бойынша тұрғын үй пайдалану мекемесi немесе стационарлық емделуде болған уақытта емдеу мекемесi куәландырған жағдайда оның мерзiмi 6 айдан аспауы тиiс.
Тармақ 10
10. Банк - агенттiктiң аудандық бөлiмшелерi әр айдың 5-не дейiн тиiстi үлгi бойынша жалғызiлiктi мүгедектерге төленген қаржы мөлшерi жөнiнде аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне мәлiмет бередi. Ал, олар облыстық қаржы басқармасына облыс бойынша жиынтық есеп берiлуi үшiн бұл мәлiметтi облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басұармасына тапсырады.
Тармақ 11
11. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстемеақыны дұрыс тағайындауына облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы бақылау жасайды.