Об открытии осенней охоты на пернатую дичь Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құс аулаудың күзгі маусымын ашу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 30.12.1999 № 251 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Жануарлар әлемін қорғау, көбейту және пайдалану туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасында аң аулаудың Бірыңғай ережесіне сәйкес және құстар санын реттеу, тұрғындардың әуесқой спорттық қажетін қанағаттандыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасының 1999 жылғы 4 қыркүйек күні таң сәріден 21 қарашаға дейін суда жүзетін, далалық және саз құстарын әуесқой спорттық аулауды өткізу туралы ұсынысы қабылдансын. 13 қазанды қосып есептегенде, әр аптаның сейсенбісі мен сәрсенбісі құстарға тыныштық, беру күндері болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы аңшыларға белгіленген заң тәртібіне сәйкес рұқсат беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемін мемлекеттік бақылау, ішкі істер басқармалары аңшылық маусымы кезеңінде жануарлар әлемін қорғау, әуесқой спорттық аулауды жүзеге асыру кезінде браконьерліктің жолын қию және аңшылардың Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау жұмыстарын үйлестіру жөніндегі шараларды әзірлесін және оның орындалуын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі істер басқармасы, Батыс Қазақстан облыс бойынша кеден басқармасы шетел азаматтарының шекара арқылы белгіленген тәртіпке сәйкес аңшы мылтығын алып өтуін қадағалауды қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 5
5. Облыстық салық комитеті құс атуға берілетін рұқсаттар мен жолдамалар беруден түсетін қаржының жұмсалуын бақылауды қадағаласын.
Тармақ 6
6. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында мазмұндалып жариялансын.
Тармақ 7
7. Өкімінің орындалуын бақылау облыс әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Қ.Ғ.Шалабаевқа жүктелсін.