О переименовании улиц города Сарани Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Саран қаласының көшелерінің атауын өзгерту туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы" Заңына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, ономастикалық комисияның мәліметтерін ескере отырып, бірлескен әкімдіктің Қаулысы мен мәслихат шешімі негізінде Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Кеңес көшесінің атауы өзгертілсін және оған Қабыш Жәкеновтің аты берілсін.
Тармақ 2
2. Интернационал көшесінің аты өзгертілсін және оған Елизавета Зиминаның аты берілсін.
Тармақ 3
3. Карл Маркс көшесінің аты өзгертілсін және оған Жанғали Қожановтың аты берілсін.
Тармақ 4
4. Саран қаласы әкімдігінің берілген қаулысының және Саран қалалық мәслихатының шешімінің орындалу барысын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына – комиссия төрайымы Л.В. Хузинаға және Саран қаласы әкімінің орынбасарлары Л.Н. Ким, Ш.М. Исеновке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында тіркелгеннен кейін күшіне енеді және қалалық "Ваша газета" газетінде ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.