Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку города Рудный Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қаласының әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тізімге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Әскери міндеттілік жэне әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Тізімге алыну жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - Қорғаныс істері жөніндегі болім) әскерге шақыру учаскесінде 2008 жылғы қаңтар-наурызда тізімге алу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Горняцк поселкесінің әкімі және Қашар поселкесінің әкімі, меншік нысанына қарамастан, қала кәсіпорындарының, ұйымдарынын барлық басшылары Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ер балаларды тізімге алу үшін әскерге шақыру учаскесіне ұйымдасқан түрде келуі үшін шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаржыландыруды жергілікті бюджеттен қарастырылып бөлінетін қаржы есебінен жүргізсін.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскелеріне тізімге алудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздеу және жеткізу бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша) Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге арналған жүктелімді қаланың оқу орындарына жеткізсін, алғашқы әскери дайындық оқытушы- ұйымдастырушыларын әскери оку орындары бойынша анықтама іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны жөнінде хабарландыру беру ұсынылсын. Тізімге алу уақытында әскери оқу; орындарына түсуге әскери- кәсіптік бағдар беру мақсатында әрбір ертелі шақырылушымен жеке әңгіме жүргізілсін. б. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке және «Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ.Қ. Шалтықовқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.