О формах документов государственного образца и порядке их выдачи Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 қаулысымен. 2006 жылғы 15 сәуiрден бастап қаулының қолданылуы жаңғыртылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 515 қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Мемлекеттiк үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртiбi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
1999 жылғы 25 тамыздағы
N 1236 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртiбi
Тарау 1. 1. Мемлекеттiк үлгідегi құжаттардың нысандары
1. Мемлекеттiк үлгідегi құжаттардың нысандары
Тармақ 1
1. Куәлiк, аттестат және диплом қорытынды мемлекеттiк аттестаттаудан өткенiн куәландыратын және бiлiм берудiң және (немесе) бiлiктiлiктiң тиiстi деңгейiнiң (сатысының) мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартын меңгергенiн растайтын құжаттардың түрлерi болып табылады.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 515 қаулысымен.
Тармақ 2
2. алынып тасталды
Тармақ 3
3. Қорытынды мемлекеттiк аттестаттаудан өткендерге мемлекеттiк үлгiдегi тиiстi құжат берiледi.
Тармақ 4
4. Барлық түрдегi мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бет жағы 16х11 см мөлшерде қатты мұқабалы ледериннен жасалады:
Тармақша 1
1) күңгiрт-көк түс мемлекеттiк үлгiдегi әдеттегi құжаттар үшін;
Тармақша 2
2) көк түс үздiк белгiсi бар барлық мемлекеттiк үлгідегі құжаттар үшін;
марапатталғандардың мемлекеттiк үлгiдегi аттестаттары үшiн.
Тармақ 5
5. Барлық түрдегi мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бет жағының жоғары бөлiгiне бедерлi-штамптық Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы, төменгi бөлiгiне мемлекеттік және орыс тілдерiнде құжат түрiнiң атауы орналастырылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың iшкi жағының мазмұны (қолмен жазылатын деректердi есептемегенде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының кескiнi бар, қорғалу дәрежесiндегi арнайы қағазға баспаханалық тәсiлмен қара түспен басылады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың iшкi сол жағына мазмұны мемлекеттiк тiлде, ал оң жағына дәл сондай мазмұны орыс тiлiнде көрсетiледi.
Тармақ 8
8. Үздiк белгiсi бар мемлекеттiк үлгідегi құжаттардың iшкi жақтарына құжат түрi атауының төменгi жағынан баспаханалық тәсiлмен қызыл түспен "Үздiк" және "С отличием" деген сөздер басылады.
Тармақ 9
9. "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталғандарға арналған
аттестаттардың iшкi жағына құжат түрi атауынан төмен баспа тәсiлiмен, қола түспен "Алтын белгi" деген сөздер басылады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттiк үлгідегi барлық құжаттың түрiнiң жетi таңбалы нөмiрлерi (Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының нөмiрленуi сияқты) болады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерi, оларға жазылатын жазу iрi, каллиграфиялық, тушпен (сиямен) орындалатындай тұрғыда жасалуы тиiс.
Тармақ 12
12. Барлық полиграфиялық операциялар орындалғаннан кейiн iшкi жағы арнайы желiммен мұқабаға жапсырылады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттiк үлгідегі құжаттарды берудiң тәртiбi
2. Мемлекеттiк үлгідегі құжаттарды берудiң тәртiбi
Тармақ 13
13. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiн (оның iшiнде үздiк белгiсi бар құжаттарды да) өздерiнiң құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармаларына (департаменттерiне) қажеттi мөлшерде;
Тармақша 2
2) өздерi оларға қатысты лицензиар болып табылатын оқу орындарына қажеттi мөлшерде бередi.
Тармақ 14
14. "Алтын белгi" аттестатының бланкiлерiн білiм беру саласындағы мемлекеттiк органдар "Алтын белгi" белгiсiмен марапаттау туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн, толтырылған түрiнде (мөрсiз) бiлiм беру ұйымдарына бередi.
Тармақ 15
15. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiн, қажеттi мөлшерде, өздерi оларға қатысты лицензиар болып табылатын бiлiм беру ұйымдарына бередi.
Тармақ 16
16. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерi тек мемлекеттiк лицензиялары бар және мемлекеттiк аттестаттаудан өткен бiлiм беру ұйымдарына ғана берiледi.
📌 Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 515 қаулысымен.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары, қатаң есептiлiк құжаттары ретінде, мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар бланкiлерiнiң сақталуы үшiн жауаптылықта болады.
Тармақ 18
18. Барлық бiлiм беру ұйымдары жыл сайын өздерiне берiлген
мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың пайдаланылуы туралы есеп бередi.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары: V074991
бiлiм беру ұйымдарының мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды пайдалану туралы жыл сайынғы есебiнiң тәртiбi мен мерзiмдерi туралы;
бiлiм беру ұйымдарының оларды толтыру кезiнде бүлiнген бланкiлердi өткiзуiнiң және оларды жоюдың тәртiбi туралы;
📌 Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 515 қаулысымен.