О переименовании улицы Қолданыста
Басқа 0
Көше атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 4 және 5 тармақшаларына сәйкес, Владимир Грищенконың есімін мәңгі есте сақтау туралы 2007 жылғы 19 қазандағы қалалық ономастикалық комиссияның қорытындысының негізінде қалалық мәслихат ШЕШТІ және қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Деревообделочная көшесі Владимир Грищенко көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 2009.10.27 № 21/162-IV шешімі және Семей қаласының әкімдігінің 2009.10.27 № 1281 бірлескен қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан
қараңыз).
Тармақ 3
3. Осы шешімнің және қаулысының көше аншлагтарын стандартты ресімдеу бөлігінің орындалуын бақылау сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.