О ликвидации отдельных ведомств Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ведомстволарын тарату туралы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң мынадай ведомстволары таратылсын:
Тармақша 1
1) Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi;
Тармақша 2
2) Өсiмдiктердi қорғау комитетi;
Тармақша 3
3) Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi комитет.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен жоғарыда аталған комитеттердi таратуды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Жоғарыда аталған ведомстволар таратылғаннан кейiн қалған мүлiктерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгіне берiледi деп айқындалсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн осы қаулыға сәйкестендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Тармақ 5
5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 сәуiрдегi N 476 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N15, 152 құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 494 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 15, 161-құжат);
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 498
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 15, 162-құжат);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы
N 1093
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17,19
және 20-тармақтары.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.