Қаладағы инженерлік жүйелерді дамыту және қайта қүрудағы қүрылыс салушылардың үлестік қатысы мәселелері жөніндегі жүмысшы комиссиясы туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаладағы инженерлік жүйелерді дамыту және қайта құрудағы құрылыс салушылардың үлестік қатысы мәселелері жөніндегі жұмысшы комиссиясы туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 2 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабын басшылыққа алып, Атырау қалалық Әділет басқармасының 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 3220 Қ хаты және Атырау қалалық прокуратурасының 2008 жылғы 14 сәуірдегі №7-18-08 наразылығы негізінде, қаладағы инженерлік жүйелерді қайта құрудағы құрылыс салушылардың үлестік қатысы мәселелерін бірыңғай жүйеге келтіру мақсатында, қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес қаладағы инженерлік жүйелерді дамыту және қайта құрудағы құрылыс салушылардың үлестік қатысы мәселелері жөніндегі жұмысшы комиссиясы құрылсын (қосымша).
Тармақ 2
2. Жұмысшы комиссияның негізгі мақсаты қаладағы инженерлік жүйелерді дамыту және қайта құрудағы құрылыс салушылардың үлестік қатысуы туралы ұсыныстар беру болып анықталсын.
Тармақ 3
3. Қаладағы инженерлік жүйелерді дамыту және қайта құрудағы құрылыс салушылардың үлестік қатысы мәселелері жөніндегі ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Атырау қалалық әкімиятының 2008 жылғы 21 қаңтардағы №73 «Қаладағы инженерлік жүйелерді дамыту және қайта құрудағы құрылыс салушылардың үлестік қатысы мәселелері жөніндегі жұмысшы комиссиясы туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Ә. Нұрлығожиевқа жүктелсін. Жобаны ұсынушы: Қалалық түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы С. Тұрдалиев Келісілді: Қала әкімінің орынбасары А. Әбдіров Қала әкімінің орынбасары Ә. Нұрлығожиев Қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиев Қала әкімі аппаратының жетекшісі Н. Ожаев Қала әкімі аппаратының мемлекеттік- құкықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің бастығы Н. Оразғалиев Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы А. Сабыров Қалалық қаржы бөлімінің бастығы А.Айтбаев Қала әкімі аппараты жалпы бөлімінің бастығы К.Ермекова Қала әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы Қ. Аюпова Қосымша келісілді: Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу Атырау облысы бойынша бастығы Б.Досмұхамбетова 15 сәуір 2008ж. «Каспиймунайгаз» акционерлік қоғамының директоры А. Курлин 15 сәуір 2008 ж. «Облтрансгаз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Б. Тұқпатов 15 сәуір 2008 ж.
Басқа 7
Қалалық әкімияттың 2008 жылғы «15» сәуірдегі №384 қаулысына қосымша Қаладағы инженерлік жүйелерді дамыту және қайта құрудағы құрылыс салушылардың үлестік қатысы мәселелері жөніндегі жұмысшы комиссиясының ҚҰРАМЫ Әділбек Исағалиұлы Нұрлығожиев қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Тұрдалиев Серік Олжабайұлы-қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Айтбаев Амантай Хайырұлы -қалалық қаржы бөлімінің бастығы Досмұхамбетова Балжан Ибатқызы-Қазақстан Республикасы табиғи Монополияларды реттеу Агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасы бастығы (келісім бойынша) Қасенов Талғат Қабиденұлы-қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Курлин Андрей Михайлович-«Каспиймунайгаз» акционерліқ қоғамының директоры (келісім бойынша) Оңғарсынов Ринат Смағилаұлы-қала әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық және әскери-жұмылдыру бөлімінің бас маманы Сәдуақасов Серік Айтқұлұлы -қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Ташлыков Андрей Владимирович-«АтырауСуАрнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директорының міндетін атқарушы Тұқпатов Бауыржан Зинеденұлы -«Облтрансгаз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
Басқа 8
Қалалық әкімияттың 2008 жылғы «15» сәуірдегі №384 қаулысына қосымша Атырау қаласындағы инженерлік жүйелерді дамыту және қайта құрудағы құрылыс салушылардың үлестік қатысы мәселелері жөніндегі ЕРЕЖЕ Соңғы жылдары Атырау қаласында тұрғын үй, әлеуметтік мәдени- тұрмыстық объектілері, сауда, ойын-сауық орталықтары мен басқа да барлық меншік нышандарындағы бизнес объектілерінің қарқынды дамуына байланысты жүктемелердің өсуімен салыстырғанда сумен жабдықтау және суды бұру қуатының төмендеуі орын алды. Атырау қаласының су құбыры және канализация шаруашылығын дамытуға инвестицияларды тарту мен сумен жабдықтау және суды бұру қуаттары тапшылығын жою мақсатында, объектілерді сумен жабдықтау және суды бұру жүйелеріне қосуға берілетін техникалық шарттарға объектілер құрылысы (қайта құру) Тапсырысшыларының (салушылардың) үлестік қатысуының шарттары міндетті тармақ болып енгізіліуі тиіс. Аталған ереже материалдардың қаралу, сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін дамытудағы сумен жабдықтау және суды бұру объектілерінің жүмыс істеп тұрған құрылғыларын Тапырысшылардың (салушылардың) күшімен және олардың есебінен қайта құрудағы үлестік қатыс мөлшері жөнінде шешім қабылдау тәртібін және үлестік қатысулардан түсетін қаржы құралдарының түсуі мен пайдаланылуы тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Тапсырысшылардың (салушылар) үлестіқ қатысуының тәртібі
1. Тапсырысшылардың (салушылар) үлестіқ қатысуының тәртібі
Тармақ 1
1. Техникалық шарттарды беру жөніндегі арызда Тапсырысшы (салушы) жобалау институтының есебіне сәйкес су және сарқынды лас сулардың талап етілетін шығынын және Су құбыры мен канализация шаруашылығы кәсіпорнының берген есебіне сәйкес Су құбыры және канализация шаруашылығын дамытуға үлестік қатысуға мүмкіндігін көрсетеді.
Тармақ 2
2. Объектілерді сумен жабдықтау және суды бұру жүйелеріне қосуға берілетін техникалық шарттар тармағында міндетті түрде сумен жабдықтау және суды бұру объектілерінің жұмыс істеп тұрған құрылғыларын қайта құруға немесе салуға, сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін дамытуға үлестік қатысудың түрі керсетіледі.
Тармақ 3
3. Техникалық шарттардың үлестік қатысу туралы тармағын орындағаннан кейін Су құбыры және канализация шаруашылығы кәсіпорны Атырау қаласының құзырлы органдарына Тапсырысшының (салушының) техникалық шарттардың аталған тармағын орындауы жөнінде ескерту қағазын жібереді.
Тармақ 4
4. Атырау қаласының құзырлы органдары Су құбыры және канализация шаруашылығы кәсіпорнының тиісті ескертуін алғаннан кейін салынып жатқан (қайта құрылып жатқан) объектінің Тапсырысшысына ( салушыға) объектіні салуға (қайта құруға) рұқсат ететін тиісті құжаттарды береді.
Тарау 2. 2. Үлестік қатысудан түсетін қаржы құралдарының түсуі мен пайдаланылуын реттеу тәртібі
2. Үлестік қатысудан түсетін қаржы құралдарының түсуі мен пайдаланылуын реттеу тәртібі
Тармақ 5
5. Тапсырысшының (салушының) үлестік қатысуынан түсетін қаржы құралдары Су құбыры және канализация шаруашылығы кәсіпорнының арнаулы: Центр Кредит банкі АФ АҚ Атырау қ-сы. Р/с 100 508 701 БИК 191 201 714 СТН 150 100 003 537 Кбе- 16 есеп шотына түседі және мақсатты пайдалануға жатады.
Тармақ 6
6. Үлестік қатысудан түсетін, мақсатты пайдалануға жататын қаржы құралдарының түсуі мен жұмсалуы туралы есеп өкілетті органға олармен белгіленген мерзімде беріледі.
Тармақ 7
7. Үлестік қатысу бюджетке тиісті жарна төлене отырьп, қаржылық есепке алынуға жатады.
Тармақ 8
8. Үлестік қатысудан түскен қаржы құралдары қосымшада көрсетілген жұмыс түрлеріне пайдаланылады.
Басқа 19
Атырау қаласындағы инженерлік жүйелерді дамыту және қайта құрудағы құрылыс салушылардың үлестік қатысы мәселелері жөніндегі Ережеге қосымша Атырау қаласының су құбыры және канализация шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар (қызмет көрсетулер, тауарлар) тізбесі
Тармақ 1
1. Су құбыры және канализация желілерін: магистралды, көше бойындағы, үйлер арасындағы және аула ішілік желілерді салу.
Тармақ 2
2. Су құбыры және канализация желілерін: магистралды, көше бойымдағы, үйлер арасындағы және аула ішілік желілерді ауыстыру, қайта салу.
Тармақ 3
3. Соран (насос) стансаларын (канализациялық сорап стансалары—КНС, судың қысымын көтеру сорап стансалары-СқКНС) салу.
Тармақ 4
4. Құрылғыларды қайта құру және КНС-ң, СқКНС-ң, канализациялық, сутартқы, су тазарту, қанализациялық тазарту құрылғыларының, буландыру тоғандарының құрал-жабдықтарын жетілдіру.
Тармақ 5
5. Электр берілістері желілерін (КЛ , ВЛ күштік трансформаторларын, майлы ажыратқыштарды, ажыратқыштарды, ток трансформаторларын), электр құрал- жабдықтарын, іске қосу жәшіктерін, басқару шкаптарын салу, ауыстыру.
Тармақ 6
6. Санитарлық қорғау Аймағын құру және күрделі жөндеу. Су құбыры және канализация шаруашылығы кәсіпорны объектілеріндегі өрттен қорғау сигнализациясын құру және күрделі жөндеу.
Тармақ 7
7. Су құбыры және канализация шаруашылығы кәсіпорнының ғимараттары мен құрылғыларын жөндеу бойынша жалпы құрылыс жұмыстары.
Тармақ 8
8. Сумен жабдықтау және канализация объектілеріне баратын асфальт жолдарды салу және жөндеу.
Тармақ 9
9. Сумен жабдықтау және канализация объектілері аумақтарын абаттандыру (көгалдардыру, асфальт төсеу).
Тармақ 10
10. Сумен жабдықтау және канализация объектілерін салуға, қайта құруға, күрделі жөндеуге техникалық-экономикалық негіздеулерді (ТЭН), жобалық- сметалық құжаттарды (ЖСҚ) жасақтау.
Тармақ 11
11. Арнаулы және автокөлік техникаларын, сораптық және күштік құрал- жабдықтарды, металл өңдеу станоктарын сатып алу.
Тармақ 12
12. Арнаулы және автокөлік техникаларын, сораптық және күштік құрал- жабдықтарды күрделі жөндеу.