Вопросы Комитета по государственным материальным резервам Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің мәселелері 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.23. N 111 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасында жұмылдырушылық дайындық және жұмылдыру жөніндегі жалпы мемлекеттік іс-шаралардың кешенін жүргізуге жауапты болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі (келісім бойынша) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасындағы жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыруға байланысты қажетті материалдық-техникалық құралдарды, құжаттамаларды және өзге де мүлікті толық көлемде Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетіне берсін.
Тармақ 4
4. Құпия.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 22, 224-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитет";
Тармақша 2
2) күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.11.29. N 1807 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Мемлекет резервінен сатылатын материалдар мен тауарларға есеп айырысу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 маусымдағы N 726 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 298-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 маусымдағы N 726 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 шілдедегі N 966 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 24-құжат);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі N 465 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 14, 107-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 3-тармағы.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 13. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1268 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк материалдық резерв жүйесiнде және жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыру саласында атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ осы мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер, оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңда белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Комитет қызметкерлерiнiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 6
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 47302I, Астана қаласы, Циолковский көшесi, 2.
Тармақ 7
7. Комитетінiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi мен функциялары
2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 10
10. Комитеттің негізгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыру саласында бiрыңғай саясатты әзiрлеу және iске асыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк материалдық резервтiң жүйесiн қалыптастыру және дамыту;
Тармақша 3
3) жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыру саласында, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық резерв жүйесiнде Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылау болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жұмылдырушылық дайындық және жұмылдыру жөнiндегi, сондай-ақ жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыруға байланысты iс-шараларды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүргiзу жөнiндегi бағдарламалар мен арнайы жоспарларды әзiрлейдi;
Тармақша 2
2) жұмылдырушылық дайындық және жұмылдыру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ экономикалық және техникалық шараларды әзiрлейдi, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының халқын, аумақтарын және экономикасын даярлау және жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытындағы жұмыс жағдайын айқындау жөнiндегi жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыруды ғылыми және әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) ұйымдардың, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жұмылдырушылық жоспарларын келiседi;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiнiң пайдаланылуы мен сақталуына басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк материалдық және жұмылдырушылық резервтердің материалдық құндылықтарын қалыптастырудың, жинақтаудың және пайдаланудың тәртiбiн, мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен мемлекеттiк материалдық және жұмылдырушылық резервтер материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтаудың нормалары жөнінде ұсыныс әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзедi;
Тармақша 8
8) үйлестiрудi жүзеге асырады және өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн бақылайды;
Тармақша 9
9) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын аумақтық орналастыруды айқындайды;
Тармақша 10
10) ұйымдардың жұмылдырушылық дайындық және жұмылдыру, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық резервтi пайдалану жөнiндегi өтiнiмдерiн қарайды, тиiстi қорытынды ұсынады;
Тармақша 11
11) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарының көлемi мен қозғалысының жиынтық есебiн жүргiзедi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген есептiлiк ұсынады;
Тармақша 12
12) өз құзыретiнiң шегiнде жұмылдырушылық дайындыққа, жұмылдыруға, мемлекеттiк материалдық резерв жүйесiн ұстауға және дамытуға бағытталған мемлекеттiк қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) жұмылдырушылық дайындық және жұмылдыру мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;
Тармақша 14
14) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Комитеттiң құқықтары
3. Комитеттiң құқықтары
Тармақ 12
12. Комитеттiң өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыру бойынша шығыстардың құрылымы жөнiнде, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк материалдық және жұмылдырушылық резервтердiң жүйесiн ұстау және дамыту жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
Тармақша 2
2) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
Тармақша 3
3) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) өз құзыретiнiң шегiнде ұйымдардың жұмылдырушылық дайындығын ұйымдастыруға және басқаруға, жұмылдырушылық мiндеттер мен iс-шараларды орындаудың қажеттi шарттарын айқындауға;
Тармақша 5
5) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс енгiзуге;
Тармақша 6
6) жаңарту және ауыстыру тәртiбiмен материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке шығару және беру туралы шешiм қабылдауға;
Тармақша 7
7) ұйымдардың жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыруды, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiндегi мiндеттемелердi реттейтін нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) жауапты сақтау пункттерiнде сақталатын материалдық құндылықтардың сақталуына тексеру жүргiзуге және бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын тексерулер жүргiзуге тартуға;
Тармақша 9
9) тексерулердiң материалдарын мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртiбiнiң бұзылуына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн құқық қорғау органдарына жолдауға;
Тармақша 10
10) өз құзыретiнiң шегiнде жұмылдырушылық дайындық және жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзудегi, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiндегi жолсыздықтарды жою туралы атқару үшiн мiндеттi ұйғарым беруге;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 4. 4. Комитеттің мүлкi
4. Комитеттің мүлкi
Тармақ 13
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берілуi мүмкiн.
Тарау 5. 5. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
5. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
Тармақ 18
18. Комитеттiң төрағасы осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн айқындайды;
Тармақша 2
2) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитеттің қызметкерлерінің атқаруы үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;
Тармақша 5
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Тарау 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 19
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.