О создании военной кафедры в Кызылординском государственном университете имени Коркыт Ата Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде әскери кафедра құру туралы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері қатарынан запастағы офицерлерді даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде аталған университеттің қаражаты есебінен әскери кафедра құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп осы қаулыны іске асыру жөнінде заңдарда көзделген шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Жоғары оқу орындарының студенттерін (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелерді және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердің (курсанттардың) әскери даярлығы белгіленген жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орындарының студенттерін (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережеде: 17-тармақтың үшінші абзацында: "әскери кафедрадағы" деген сөздер "әскери кафедралардағы" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" деген сөздерден кейін "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің" деген сөздермен толықтырылсын; "Жоғарыда аталған университеттің" деген сөздер "жоғарыда аталған университеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 📌 Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.