О некоторых вопросах Комитета геологии и недропользования Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармалары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 39, 518-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі бекітілсін.";
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармаларының тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қайта аталатын мемлекеттік мекемелері - аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармаларының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 мамырдағы
N 437 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қайта аталатын мемлекеттік мекемелері - аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармаларының тізбесі
Тармақ 1
1. "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаментіне;
Тармақ 2
2. "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаментіне;
Тармақ 3
3. "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаментіне;
Тармақ 4
4. "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаментіне;
Тармақ 5
5. "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаментіне.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 мамырдағы
N 437 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1107 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
Тармақ 1
1. "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті;
Тармақ 2
2. "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті;
Тармақ 3
3. "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті;
Тармақ 4
4. "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті;
Тармақ 5
5. "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті.