Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых местными исполнительными органами района Қолданыста
Басқа 0
Ауданының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттардың бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558 және 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсетудің қоса беріліп отырған стандарттары бекітілсін:
Тармақша 1
1) Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке лау;
Тармақша 2
2) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан жәбірленген азаматтарды тіркеу және есепке алу;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;
Тармақша 4
4) Патронаттық тәрбиелеуге балалар алуға ниет білдірген отбасылардан өтінім қабылдау;
Тармақша 5
5) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды аймақтық есепке қою;
Тармақша 6
6) Балалар мектепке дейінгі мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу;
Тармақша 7
7) Протездік - ортопедтік көмек көрсету үшін мүгедектерге арналған құжаттарды рәсімдеу;
Тармақша 8
8) Сурдо – тифлоқұралдар мен міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге арналған құжаттарды рәсімдеу;
Тармақша 9
9) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
Тармақша 10
10) Тұрғын үй көмегін беру.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің осы қаулысы бірінші ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.А. Ораловка жүктелсін.